1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Қолқаның өрлеу бөлігінің тарамдары



бет46/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Қолқаның өрлеу бөлігінің тарамдары.Қолқаның өрлеу бөлігінің басталар жерінен жүректің оң және солартериялары шығады, оларды жүректің тәждік артериялары деп атайды.
Жүректің оң артериясы қолқаның айшық қақпақшалар тұсының оң жағынан шығып, жүректің көлденең сайымен жүріп отырып, оның артқы жағымен диафрагмалды бетіне жетеді. Қарыншааралық артқы тарамдарға бөлінеді. Одан жүрек ұшына қарай жүрекше және қарынша ет талшықтарына еніп тарамдалады.
Жүректің сол артериясы қолқаның сол жақ айшық қақпақшаларының тұсынан басталып, жүректің сол жағына тарамдалады. Қорытып айтқанда, жүректің оң артериясы оң жағын, сол артериясы сол жағын қанмен қамтамасыз етеді.
Қолқа доғасының тарамдары.Доғаның дөңес келген жерінен үш үлкен (оңнан солға қарай) артериялар шығады: иық-бас бағаны, сол жақ күретамыр артериясы және сол жақ бұғанаасты артериясы. Бұл аталған тамырлар, мойынды, тұлғаның жоғарғы бөлігін және екі қолды қоректендіреді.
Иық-бас бағаны (плече-головной ствол) немесе атсыз артерия қолқа доғасының бірінші бұтасы, ұзындығы 2,5 см, ол сәл жоғары көтеріліп, жалпы оң ұйқы артериясы мен оң бұғанаасты артериясына бөлінеді.
Жалпы ұйқы артериялары (общие сонные артерии)— оң және сол жалпы артерияларынан тұрады. Оң артериясы жоғарыда айтылғандай иық-бас бағанынан басталса, сол артериясы қолқа доғасынан тікелей басталады. Бұл артериялар көкірек қуысынан шыққаннан кейін, мойын бөлігінде төс-бұғана-емізікше артымен жоғары қарай көтеріліп, ішкі мойындырық венасының сырт жағында жатады. Ұйқы артериясымен тіласты нерв, кезеген нерв (қатарласа) және симпатикалық нерв бағандары өтеді. Жалпы ұйқы артериясы қалқан шеміршектің жоғарғы жиегіне жеткенге дейін тарамдалмайды. Тек осы жерде ғана ішкі және сыртқы ұйқы артериясына бөлінеді.
Ішкі ұйқы артериясы мойынның екі жағымен жоғары көтеріліп, бас сүйегінің астыңғы жағындағы өзі аттас канал арқылы ми сауытының ішіне еніп, миды және кезді қоректендіретін артерия тарамдарына бөлінеді. Көз артериясы көз тесігі арқылы көз шарасына еніп көптеген майда тамырларға бөлінеді де, көз алмасын, оның бұлшық еттерін, жас безін және қасты қоректендіреді. Көз артерияларының соңғы ұштары мұрын және таңдайға дейін жетеді. Ішкі ұйкы артериясының екі тарамы миға барады. Оларды алдыңғы ми және ортаңғы ми артериялары деп атайды. Алдыңғы ми артериясы үлкен ми сыңарларының ішкі бетіне тарамдалады. Бұл артерияның оң және сол тармақтарының арасы қысқа көлденең қосылыс жасайды. Оны ми артериясының алдыңғы қосылысы дейді. Ортаңғы ми артериясы мидың бүйір сайы арқылы жүріп, самай, төбе, бөліктеріне тарамдалады. Мидың артқы көлденең қосылыс артериясы өте жіңішке. Ол артқа қарай бағыт алып ортаңғы ми артериясын артқы ми артериясымен қосып тұрады. Сөйтіп, ми артериялары бір-бірімен көлденең қосылыстар жасап, тығыз байланыста жатады.
Сырткы ұйқы артериясы төменгі жақ тұсындасамай және ішкі жақ артерияларына бөлінеді.
Бұл артериялар тармақтары қалқанша безін, көмекей, тіласты таңдай, тамақ шүйде, сілекей бездерін, төс-бұғана емізікше етін, құлақ қалқанын, бас еттерін, мидың қабықтарын, мұрын қуысын, сыртқы, ортаңғы құлақты артериялық қанмен қамтамасыз етіп тұрады. Сыртқы ұйқы артериясынан аталған органдарға бірнеше артериялар таралады. Қалқанша безінің жоғарғы артериясы, сол бездің өзін және көмекейді, төс-бұғана-емізікше етін қоректендіреді. Тіл артериясы тілді, тіласты сүйекті, көмекей, тіласты, жақасты сілекей бездерін қоректендіреді. Бет артериясы жақасты сілекей безін жанай өтіп, шайнау етінің алдыңғы жағымен төменгі жақтың жиегінен иіліп, бетке қарай шығады. Ол бірнешеге тарамдалып көздің ішкі бұрышына бағытталады. Сөйтіп, жақасты ойындысынан өтіп, жұмсақ таңдайға, таңдай жақасты бездеріне, иекасты, бет еттеріне және теріге тарамдалады. Бет артерияларынан жоғары және төменгі еріндерге тарамдар беріп, олар өзара қосылыстар жасап, ауыз тесігін шеңберлеп жататын артерия құрайды. Қорытып айтқанда, бет артериясы беттің терісі мен еттеріне тарамдалып, қанмен қамтамасыз етеді.
Төс-бұғана-емізікше артериясы өзі аттас бұлшық етті қанмен жабдықтайды. Құлақ артериясы құлақ қалқанының артында жатады. Ол қалқанға, шүйдеге және ортаңғы құлаққа тарамдалып оларды қоректендіреді. Ішкі жақ артериясы сыртқы ұйқы артериясынан көлденең бағыт алып, сәл жоғары қарай көтеріліп, төменгі жақтың мойын тұсынан шығады. Содан самайасты ойыстан өтіп, қанат тәрізді шайнау етінің аралығымен таңдай шұқыршасына жетеді. Жақ артериясының ең үлкен тармағы мидың қатты қабығының ортаңғы артериясы деп аталынады. Ол ми сауытына еніп қатты ми қабығын қоректендіреді. Жақ артериясы жолай тарамдала келіп, сыртқы дыбыс жолын, дабыл жарғақты, ортаңғы дыбыс бөлігін, барлық шайнау бұлшық еттерін, жоғарғы және төменгі тістерді, қатты жұмсақ таңдайды, олардың бадамша бездерін және мұрын қуысын қанмен қамтамасыз етеді. Самай артериясы сыртқы ұйқы артериясының жоғары қарай жүретін жалғасы болып есептелінеді. Ол шықшыт безінен өтіп, құлақ қалқанының алдыңғы жағымен самайға қарай бет алады. Самайдың тұсынан төбе және маңдай артерияларына бөлініп, бас терісінің астында жатады. Бұл айтылған тармақтары шықшыт безін, сыртқы дыбыс жолын, құлақ қалқанын, беттің ұрт бөлігін артерия қанымен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет