1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына қарай жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Тамырлар атқаратын қызмет



бет43/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Жүрек-қан тамырлар жүйесіне сипаттама

Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына қарай жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Тамырлар атқаратын қызмет

Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі
жүйе. Оның құрамына қарай жүрек, қан және лимфа
тамырлары кіреді. Тамырлар атқаратын қызметі,
морфологиялық құрылысына қарай қан айналу
жүйесінің және лимфа айналу жүйесінің тамырлары
болып болып екі топқа бөлінеді.Олардың орталығы
жүрек. Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын
қызметіне, құрылысының ерекшелігіне қарап
артерия, вена, капиляр қан тамырлары болып
бөлінеді. Артерия, вена, капиляр қан тамырларынан
тұйық қан айналу шеңбері пайда болады. Қан айналу
жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім – ангиология



  1. Жүректің құрылысы, қызметі, қан тамырларының түрлері.


Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.
Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.
Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады.
Ересек адамдарда Ж-тің салм. 250 – 330 г-дай, ұзындығы 10 – 15 см, көлденеңі 8 – 11 см, қалыңд. 6 – 8,5 см. Шамамен Ж-тің үлкендігі әркімнің өзінің жұмған жұдырығындай болады. Ж-тің қызметі-- жүрекше бұлшық еті мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ырғақпен кезектесе жиырылуы (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарылады. 
Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет