Қозғалыс ойындары. «Бірінші бол» Белгі бойынша іс-әрекет жасай білуін бекіту (шананы айналу және өз орнына тұру) және қосымша жаттығуларды орындау (шанаға отыру, 5 рет отырып-тұру және т.б) жылдам және еппен іс-әрекет жасау.
Еңбек қызметі Жолға су төгу үшін қарды нығыздату.
Қарды өздігінен күрекпен белгілі орынға алып бару, оны нығыздауға үйрету; ұжымдық еңбекке қатынасуға үйрету, өз әрекеттері мен құрбылар әрекеттерімен келістіруге үйрету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер Тапсырма. Күн шыққан кезде ағаштардың қырау жамылғанын көру. Күннің көзінде қырау жылтырайды.
«Қырау» сөзіне эпитет таңда.
Эпитеттерді таңдауға үйрену, балалар сөздігін байыту.
Өздігінен қызмет. Балалар ойындарының тақырыбы мен мазмұнын жетілдіру және байыту; өз пікірін айтуын жетілдіру, өз құрбылары пікірлерімен келіспеу, олардың рөлдер, ойыншықтар мен міндеттерін бөлісуге сыпайы түрде айтуын жетілдіру.
9. Шыныдағы қарды өрнектерін бақылау, қадағалау. Бақылау Шыныдағы өрнектердің пайда болуы туралы түсінік беру.
Жылы сулы булар салқын терезелер шыныларына отырып бір-бірімен біріктіріледі, мұзды кристалға айналады да керемет гүлдері бар мұзды бау-бақша пайда болады. Табиғаттың қысқы құбылыстарын байқауға және құбылыстарды атауға әрі қарай үйрету.
Жұмбақ. Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі. (терезедегі қырау).
Ырым.
Егер терезелердің екі әйнегі де буланса аяз күшейе түседі.
Қозғалыс ойындары. «Қасқұлақ» (Волк) (қазақ халық ойыны) «Қасқұлақтан» тығылып алаңда бағдарлай білуді бекіту. Ойын ережесін сақтау («қасқұлақ» сөзді атаса сол адам өз орнында қалу керек), «күзетші» тобынан «қасқұлақты» қуу міндетті. Ойында өз әрекеті мен әріптес әрекетімен келістіре білуін дамыту.
Еңбек қызметі. Жолға су құю.
Тәрбиешімен бірге жауапкершілікпен жолға су құюды үйрету. Еңбек етуді тәрбиелеу.