1: Ауа-райын бақылау



бет12/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#127435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Аманғос Шолпан ауа райы

18.Бұлт пен тұманды бақылау
Бақылау Қыс кезіндегі табиғат көріністері туралы білімдерін кеңейту; қыс мезгілінде аспанды жиі бұлт басады; ақырын қар жауа бастайды. Байқампаздықты арттыру. Көркем сөз Ақ киімді, денелі,ақ сақалды Соқыр, мылқау танымас тірі жанды, Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Жұмбақтар Көшіп жүріп желменен, Сеуіп шықты тамшысын. Қыраттарға шөлдеген. (бұлт) Аспан түйді қабағын, Сұр пердесін керді де, Жапты жердің табанын. (тұман) Сұрғылт түтін, Бүркесе маңайды, Адастырар талайды. (Қарлы бұлт) Болжамдар Қыста тұман төмен болса- ызғарға.
Тұман түссе-күн жылынады.
Қыста тұман жолақтармен болса-жылылыққа, ал жазда –жаңбырға. Қозғалыс ойындары «Жаяу көкпар» (қазақтың ұлттық ойыны) Қуысу арқылы жүгіруді бекіту (көкпарға дейін жүгіріп, мәреге келу); ойын ережесін сақтау (киімнен ұстауға,итеруге,дөрекілікке рұқсат жоқ). Батырлыққа, күштілікке, икемділікке тәрбиелеу. Еңбек қызметі Ойын үшін қардан жасалған құрылыс (ұшақ, қалашық, машина) Біріккен іс-әрекет арқылы жақсы көңіл-күй сыйлау; құрастыру қабілетін дамыту, құрылыс жасау үшін конструктормен жұмыс жасау.
Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибелер Тәжірибе. «Қандай құрылым?» Қардың, судың, мұздың құрылымын салыстыру, қатынас ерекшеліктерін анықтау. Суды, мұзды, қарды мұқият қарау. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын тауып, қайсысы ауыр екенін салыстыру(су ма мұз ба, су немесе қар,қар немесе мұз).Бұлардың бәрін біріктірсе не болады?(қар немес мұз ериді); біріктіргенде қалай өзгеретінін салыстыру: су мен мұзды (су мөлдір, суық болады, көлемі көбейеді, өйткені мұз ериді) қар мен мұз (бірікпейді).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет