1: Ауа-райын бақылау


Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер



бет7/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#127435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аманғос Шолпан ауа райы

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
«Шыныдағы қысқы ертегі»
Балалардың шағын ертегіні құрастыруда талаптануын мадақтау, көргендерін айта білу (керемет жапырақтар, ғажайып гүлдер, өрнектер). Алдын –ала болатын қызметке қызығушылығын арттыру.
Өздігінен қызмет.
Ойында өз әрекетімен әріптес әрекетімен келістіре білуін дамыту.
10. Бұрқасынды бақылау.
Бақылау.
Бұрқасын туралы түсінікті қалыптастыру. Қатты жел, бұрқасын болған кезде аязды ауа соғады да, жүру қиындайды, бұлт күнді жауып әрбір жерде қарлы бұрқасын соғады.
Егер қар құйындатса – бұл табиғат құбылысы бұрқасын болып аталады.
Мақал.
Бұрқасын мен қарлы боран ақпанға келіп қонды.
Ырым.
Қыста бұрқасын болса-жазда жауын-шашын болады.
Қозғалыс ойыны.
«Қарлы әткеншек»
Берілген қарқында қолдарынан ұстап шеңбер бойынша жүре білуін бекіту (жылдам, баяу, басқа жаққа және т.б.). Ойында жинақылық пен дербестілікті тәрбиелеу.
Еңбек қызметі.
Балаларды бала-бақша ауласындағы телімдерде жолдарды сыпыруға және тазалауға үйрету. Телімдегі тәртіп пен тазалықтан разылық сезімін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер.
Тәжірибе. Шарбақ. Пен күркелердің маңында омбылар болатынын анықтау.
Қорытынды.Шарбақ пен күркеге жел соққан.
«Бұрқасын кезіндегі өзгешіліктерді ата».
Өз ойларын айта білу, сөзін, ақылын дамыту, білімін бекіту.
Өздігінен қызмет.
Бала қоғамы өмірінің ұйымдастыру формасы ретінде ойынды дамытуына, бірқалыпты балалық ойын бірлестігінің пайда болуына және нығайтуына, балалардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыруына, сондай-ақ ойындық бірлестігінің болуына себеп болу.
Қыс мезгілінің картотекасы
11. Бұрқасынды бақылау.
Бақылау.
Қысқы табиғат құбылысы-бұрқасынмен балаларды таныстыру.
Қатты жел соғып жер үстіндегі қарды айналдырса және шалғайды жаба түссе- бұны бұрқасын деп айтады және балаларға түсіндіру. Егер бұл уақытта қар жауса және омбылар пайда бола бастаса жолға шығуға болмайды. Адасып және үсіп кету мүмкін. Бірақ бұрқасын таза күндерінде де қар жаумай да бола береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет