1: Ауа-райын бақылау


Тәжірибе. Қардың қасиеттері



бет9/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#127435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тәжірибе. Қардың қасиеттері.
  • Аязды күні қарды қолғаппен алса, ол жабыспайды, шашылады.
  • Қарды сумен суарсаң, одан қаршық жасауға болады. Қар дымқыл әрі жабысқақ,

  • Қортынды. Бұдан біз қардың дымқылдығынан қар әдемі тұтас түрде болатындығын байқадық.

13. Қар жауғаннан кейінгі ағаштардың жайы қандай?
Бақылау.
Қар жауғаннан кейін ағаштың қалпы қандай әдемі екеніне балалардың көңілін аудару.
Кішкентай ағаштар үшкір дөңгелек тебетейге оранды, кейбір ағаштың бұтақтары бұғының мүйізі сияқты, кейбіреуі тоқыма жіп сияқты, мақталы шар сияқты. Балаларды ағашты күтуге үйрету. Қар басқан ағаш бұтақтары майысып тұрады, ол қалың қарды ақырындап түсіру керек екенін түсіндіру. Балаларды табиғатты сүюге үйрету. Олардың өз сөзінен алған әсерлерін айтуға үйрету.
Мақал-мәтел.
Желтоқсанда қыс ақ мамық төсейді. Ал аяз өзен арқылы көпірлер тұрғызады.
«Ақ аю» (ойын)
Әртүрлі бағытта балаларды жүгіруге, жылдам қозғалысқа үйрету.
Еңбектену бағытында.
Бұтақтарды қардан сілкіп тазарту.Қай ағаш жасырынды, соны тап. Балаларға ағаштардың әртүрлі екендігін ажыратуды үйрету. Олардың эстетикалық танымын байыту.
14. Ағаш пен бұталарды бақылау
Бақылау.Балалардың назарын ағаштардың және бұталардың сыртқы түріне аудару (жапырақ жоқ), жапырақсыз ағаш бұталарының аспан түстес екендігіне назар аударту. Ағаштың сыртқы түрлерін ажырата білуге жаттықтыру (ағаштың пішіні, бұтаның орналасуы, тамырдың түрі мен сыртқы пішіні) ағаштың: терек, қайың, шырша, гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана,жұпаргүл, сарықараған, шие. Балаларға аяз кезінде ағаш бұталарының жұмсақ және тез сынғыш болатынын түсіндіру. Балаларды ағашқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Көркем сөз. «Қарағай» Тау баурайы -жағалай Биік-биік қарағай. Оқтай түзу бойлары, Шымыр өскен баладай. Жұмбақ Жазда жатсаң-көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң -жаның рақат табады. (ағаш) Болжамдар: Егер жаңғақ шыршаның астыңғы жағында өссе- ерте суық түседі деген белгі, егер жоғары өссе-қыстың соңы суық болады. Ағаштан алма толық түспейінше- қыс болмайды. Тақпақ «Қыс келбеті» М.Әлімбаев Аққу мамық ұлпа қар, Жамылады қырқалар. Шымшып аяз бетіңді, Ширатады етіңді. Қимылды ойындар. «Шаңғы жарысы» Дыбысқа деген іс-әрекетті бекіту (шанада отырып, аяқпен итеру; ішінен жатып, қолмен итеру).Дене шынықтыру сабағында алған білімдерін іс жүзінде қолданып, жарыстарға қатысуға ынталандыру. Еңбек әрекеті Ағаш және бұта түптеріне қарды үю. Ағаш және бұта түптеріне қарды үю және еңбектің маңыздылығын білуге үйрету.Жақсы ынтамен еңбектенуге тәрбиелеу. Дидактикалық ойындар. Эксперимент және тәжірибе. «Ағаш па әлде бұта ма?» Балаларға суреттеу арқылы ағаш па әлде бұта ма екенін тапқызу. Тапсырма. Аязды күндері ағаштың жарылуын тыңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет