1: Ауа-райын бақылау



бет5/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#127435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аманғос Шолпан ауа райы

7. Тайғанақты бақылау.
Бақылау.
Тайғанақтың пайда болу жолдарын түсіндіру. Тез жылынғанда аяз соғады, одан кейін болатын құбылыс тайғанаққа айналады. Ауа температурасы мен судың агрегаттық жағдайы арасындағы байланысты түсіндіру. Тайғанақ- бұл мұздың қалың беті, жер қабатында құрылатын. Тайғанақпен қалай күресуді айту. Тайғанақ кезінде өзін дұрыс ұстай білуді үйрету. Көргені жөнінде айту және бақылауда ынтасын дамыту.
Қозғалыстағы ойын
«Ұзын жол бойынша»
Мұз жолы бойынша тайғанақтау кезінде тепе-теңдікті сақтауды үйрету. Жарыстарға қатысуға тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Жолға құмды төгу
Жолға құмды төгуде еңбектің мәнділігін балаларға түсіндіру. Өз еңбегінің нәтижесінен қанағаттанушылық сезімін қалыптастыру.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе мен эксперименттер
«Өлі табиғаттың қысқы құбылыстарын ата»
Табиғаттың қысқы құбылыстары туралы балалар білімдерін анықтау.
Тапсырма. Түрлі-түсті мұздықшаларды қарау.
Мұз сипаты туралы балалардың түсініктерін бекіту (аязда су мұзға айналады, мұз қатты, тайғақ,мөлдір, нәзік).
Өздігінен қызмет.
Ойын кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын жетілдіру, құрбыларының қылықтарына өз көзқарастарын білдіру, өз іс-қимылдарымен амалдарын негіздеу.
8.Ағаштардағы қырауларды бақылау.
Бақылау.
Қыраудың пайда болу процесі туралы түсінік беру. Қар еріген кезде, күрт суық түскен және ауа-райы жылыған кезде айналаны қырау басқаны туралы балалардың назарын аудару, ағаштарға, орындықтарға және басқа заттарға. Қырау – бұл мығым шық. Түнде жердің үстіндегі ауасы салқындайды. Ауадағы сулы булар салқындаған заттармен өзара жанасып сулы тамшыларға айналып мұзды кесек болып қатады және қырау болады. Табиғаттың әртүрлі қысқы құбылыстарын көру, қысқы қардың сұлулығына тандануға балаларды үйрету.
Ырымдар.
Желтоқсанда қырау мол болады, қар көп түседі, суықтар күшейеді - мол егін орылады. Ағаштарға қырау тұрса аспан көк болады.Түнде қырау болса- күндіз қар жаумайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет