1: Ауа-райын бақылау


Жұмбақ. Ұстай қалсаң еріп кетер, Әуре болма теріп бекер. (қар) Болжау



бет2/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#127435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Аманғос Шолпан ауа райы

Жұмбақ.
Ұстай қалсаң еріп кетер,
Әуре болма теріп бекер.
(қар)
Болжау
Қар түссе-күн жылынады
Жаңылтпаш
Қыста боран борар, қар борар,
Қыздар шәлі орамал оранар.
Өлең.
«Алғашқы қар» А Оразақын.
Қозғалыстағы ойын
«Қармен аулау білу»
Балаларды қардан айналудан,(ортада) шектелген алаңнан қозғала білуге үйрету.Нысанаға қарды ата білуге бейімдеу. Ойын ережесін айқын орындауға үйрету.
Еңбек қызметі
Қардан қарлы дуал жасау
Өз бетінше шана, жәшіктер, ағаш күректер дайындау.Қоғамдық жұмыс уақытында бір-біріне кедергі келтірмеу.Қиыншылықтарды жеңе білу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
« Қар қиыршықтарын қарастыр»
Тәжірибе.балалар қар қиыршықтарын қарастыруда.
Қорытынды. Барлық әр түрлі қар қиыршықтарында сәуле саны бірдей.
Қармен тәжірибе.Стаканға қар салып топқа алып келу.
Балалардың қардың қасиеті жөніндегі ойларын ұлғайту және дамыту.Өз бетінше қорытынды жасауға үйрету. Әуесқойлығын және қызығушылығын дамыту.
3.Желді бақылау.
Бақылау
Балаларға қыста желдің суық өткір екенін түсіндіру.
Флюгер түтіннің бағыты ағаш бұтағының қозғалысы бойынша желдің күштілігін анықтауға болатынын үйрету.
Қысқы желдің жазғы желден ерекше белгілерін ажырата білуге үйрету.
Жұмбақ
Бір нәрсе көрінбейді бар ғой өзі,
Адамзат ол нәрсені көрмес көзі.
Жансызды қимылдатып жанды қылар,
Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.
(жел)
Өлең.
«Желдің түсі қандай»?» М.Алимбаев.
Қозғалыстағы ойын
«Екі аяз»
Икемділігін дамыту, қозғалыстағы ойынға қызығушылығын арттыру және оны ойнай білуге үйрету. Өз бетінше рөлдерді бөлу талабына тәрбиелеу.
Еңбек қызметі
Қардан жолды тазарту
Балаларды бала-бақша ауласындағы жолдарды тазартуға және сыпыруға үйрету; Еңбек құралдарымен қолдана білуін нығайту, оларды тазалықта және тәртіпте ұстау.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер және эксперименттер.
Тәжірибе. Желдің күштілігін анықтау.
Әр түрлі белгілері бойынша (жел бар ма, күшті, әлсіз) желдің күштілігін анықтауға балаларды жаттықтыру, қай бағытта екенін анықтау.
Тапсырма. Желдің қалай ысқыратынын тыңдау.
Қадағалауын дамыту.
«Жақсы-нашар»
Табиғаттағы қарама-қайшылығын, құбылыстың біркелкі еместігін, жанды және жансыз өзара байланысын, тілді дамытуды, ойлауды, көре білуге үйрету (желдің ықпалымен өтіп жатқан өзгерістерді, жағдайларды атау ұсынылады,- жағымды және жағымсыз) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет