1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Дәріс№9. Тақырыбы: Надежда Константиновна Крупскаяның және



Pdf көрінісі
бет61/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Дәріс№9. Тақырыбы: Надежда Константиновна Крупскаяның және 
Антон Семенович Макаренконың педагогикалық теориясы мен жүйесі. 
Жоспар: 
1. Надежда Константиновна Крупскаяның педагогикалық теориясы 
2. Антон Семенович Макаренконың педагогикалық жүйесі. 
 
1. 
Надежда 
Константиновна 
Крупскаяның 
(1869-1939) 
педагогикалық теориясы 
Коммунистік партияның ірі қайраткері, көрнекті совет педагогы Надежда 
константиновна Крупская 1869жылы Петербург қаласында туды. 
Гимназияны бітірген соң Петербургтегі әйелдер жоғары курсының 
математика бөлімінде оқыды. Осы кезден бастап студенттердің 
революциялық үйірмелеріне қатысты. 1891жылы ересектерге арналған кешкі 
жексенбілік мектепке мұғалім болып орналасады. Өзінің мұғалімдік қызметін 
жұмысшылар 
арасында 
революциялық 
идеяларды 
насихаттаумен 
ұштастырады. 1895жылы В.И.Ленин құрған: “Жұмысшы табын азат ету 
жолындағы күрес одағына” кіреді. 1896жылы Н.К.Крупская тұтқынға 
алынып, Енисей губерниясындағы Шушенское селосында В.И.Ленинмен 
бірге айдауда болады. 
Кейінгі жылдары шетелдерде болып, жауапты партиялық қызметтерді 
атқарды. Н.К.Крупская шетелде жүрген жылдарында Батыс Европа 
елдеріндегі оқу-ағарту ісімен танысты. Осы жұмыстардың нәтижесінде 
Н.К.Крупская революция жеңіп, жұмысшы табы өкіметті өз қолына алғаннан 
кейін балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін ойластырды. Ол 
1917жылы жарық көрген “Халық ағарту ісі және демократия” деген еңбегінде 
жұмысшы табының қолына өкмет билігі көшуіне даярлық жасау керек, оқу 
ағарту мәселесін қолға алу керек деп жазды. Н.К.Крупская өзінің Октярь 
революциясына дейігі еңбектерінде ескі педагогикалық идеяларды сынап, 
марксистік педагогиклық идеяларды насихаттады.
1899жылы жазылған “Әйел жұмысшы” атты алғашқы еңбегінде 
Ресейдегі еңбекші әйелдердің тұрмысын, өмірін ашық көрсетті, балаларды 
тәрбиелеудің кейбір мәселелеріне жаңаша қарады. Н.К.Крупскаяның бұл 
дәуірдегі еңбектері: “Халық ағарту ісі және демократия”, “Еркін мектеп 
туралы мәселе”, “Оқушылар арасындағы өзін-өзі өлтірушілік және еркін 
еңбек мектебі”, “ Семья және мектеп”, “Мектептегі өзін-өзі басқарушылық 
туралы”, “Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы 
мәселе”, “Ер балалады “әйелдің ісіне” үйрету қажет пе?” т.т. 
Октябрь революциясы жеңгеннен кейін Надежда Константиновна Оқу-
ағарту халық комиссариатының коллегия мүшесі, ал 1929 жылдан бастап 
Оқу-ағарту халық комиссарының орынбасары болды. Мемлекеттік ғылыми 
советтің ғылыми-педагогикалық секциясын басқарып, оқу жоспары, 
программалар және басқа педагогикалық доқументтерді жасауға белсене 
қатысты. Бірнеше педагогикалық журналдарды басқарды, коммунистік 
тәрбие академиясында лекция оқыды, педагогикалық мәселелер жөнінде 
мақалалар мен кітаптар жазды. Оқу ағарту қызметкерлерімен, пионерлермен 


110 
тығыз байланыс жасап, хат алысып тұрды. Өзінің еңбектерінде коммунистік 
тәрбие, пионер ұжымының жұмысы, политехникалық оқыту, дидактика, жеке 
пәндер методикасы және т.б. мәселелер жөнінде жазды.
Н.К.Крупская ВКП(б) Орталық Комитетінің мүшесі, СССР Жоғарғы 
Советтің депутаты және Президиум мүшесі, еліміздегі алғашқы педагогика 
ғылымының докторы болды. СССРҒылым академиясының құрметті 
академигі болып сайланды. Оның барлық өмірі партия ісі, коммунизм үшін 
күреске арналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет