1 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


 Елизавета ИвановнаТихееваның мектепке дейінгі тәрбие берудегі



Pdf көрінісі
бет86/101
Дата30.09.2023
өлшемі1,79 Mb.
#111958
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101
4. Елизавета ИвановнаТихееваның мектепке дейінгі тәрбие берудегі 
педагогикалық көзқарастары мен тәжірибелік шығармашылығы 
Е.И.Тихеева (1866-1944) мектепке дейінгі тәрбие берудегі шебер педагог 
және үлкен қоғам қайраткері болған. Ол мектепке дейінгі тәрбие беруде 
классикалық педагогиканың мұраларын (бірінші орында Константин 
Дмитриевич Ушинскийдің) шығармаларын пайдаланып және өзі Ресейдің 
тағы да басқа шетел балабақша жұмыстарын ескере отырып, мектепке дейінгі 
тәрбие беру теорияларын құруға белсене қатысты. 
Е.И.Тихеева өзінің педагогикалық шығармашылығын ХІХ ғасырдың 80-
ші жылдарында бастаған. Ол өзінің апасы М.И.Тихеева – Чулицкая мен 
Тифлиске жақын жердегі, әкелері ашқан тегін мектепте балаларды оқытқан. 
90 жылдарда апалы сіңілілер Петербургқа көшіп келіп, алдымен жексенбілік 
мектепте, содан кейін өздері ұйымдастырған бастауыш мектепте жұмыс 
істеді. 
Е.И.Тихеева педагогикалық шығармашылығының бастапқы жылдарының 
өзінде балаларға ана тілін бастауыш мектептен үйретуге аса назар аударған. 
Ушинскийдің білім беру көрсеткіштеріндегі ана тілінің қызметіне сүйене 
отырып, өзінің бастауыш мектептегі тәжірибесімен Е.И.Тихеева 1905 жылы 
«Орыс мақтау қағазы» әліппесін, содан кейін балалардың ойлау және сөйлеу 
қабілеттіліктерін арттыратын әр түрлі оқу әдістемелерін құрастырды. Бұл 
кітаптар кең таралды. 
1908 жылы Е.И.Тихеева мектепке дейінгі тәрбие берудің Петербургтағы 
жәрдем қоғамының мүшесі болып тағайындалды. 1913 жылы ол өзінің 
мектепке дейінгі тәрбие берудегі отбасы, қоғам, мемлекеттің қызметтері атты 
баяндамасымен отбасылық тәрбие жөніндегі Бүкіл Ресейлік сьезінде сөз 
сөйледі. 1913 жылдан бастап Е.И.Тихеева бастауыш білім әдістемелерін, 
дидактика сұрақтарымен жұмыс істейтін мектеп қоғамы мүшелерінің 
төрағасы болып тағайындалды. Осы уақыттан бастап ол осы қоғам ашқан 
балабақшаны басқарып, мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиесі 
әдістемелерін 
құру 
мақсатымен 
тәжірибелік-сынақ 
жұмыстарын 
ұйымдастырды. 
1914 жылы Е.И.Тихеева Италияда болып, Мария Монтессоридің 
«Балалар үйлері» жұмысымен танысты. Бұл үйлердегі балаларды сенсорлы 
ортада тәрбиелеудің жақсы жағдайларын нұсқай отырып, олардың 
жұмыстарының негізі дұрыс емес деген қорытындыға келді. Е.И.Тихеева 
«еркін тәрбие» және «мектепке жаңа еркіндік» буржуалды теорияларына 
сенімді түрде қарсы шықты. Бұл мектепте, деп жазды ол, балаларды 
тәрбиелеудегі бағыт-бағдар мен қажетті жинақылық жоқ, педагогикалық 


151 
әсердің апатты әрекеті, «оқушылардың әлсіздігіне, еркеліктеріне, іс-әрекетіне 
еркіндік беру» басым. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Е.И.Тихеева Петроградтың 
балабақшаларында, балалар ошақтарында дайындық сабақтары мен үлкен 
әдістемелік жұмыстар жүргізілді, балалар ошақтарынан балалар ордасын 
жасауға қарчсы шыққан мақалаларын жариялады, дамушы педагогикалық 
негіздерге сүйенген оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруды талап етті. 
Ол балаларды жеккөру Бүкіл Ресейлік сьезге белсене қатысып, жеккөру 
қоғамдық тәрбиесіз болмайтындығын дәлелдеді. 
1917 жылы мамыр айында Е.И.Тихеева Петроградтың мектепке дейінгі 
тәрбие жәрдем қоғамының вице-президенті ретінде баяндамалық хатымен 
уақытша өкіметтің халықты ағарту министрлігіне үндеу жасады, дегенмен 
оның бұл үндеуіне жауап қайтарылмады. Мұнда ол балабақшаның мектептік 
білім беру жүйесіне қосылуы туралы сұрақтарды қойған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет