68.Тәуелсіз Қазақстан шаруашылығындағы жоспарлы нарықтық экономикаға өту мәселесі мен даму кезеңдерінің негізгі бағыттарын көрсет. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін нарықтық экономикаға бағытталған құрылымдық реформаларды іске асыра бастады. Оның негізгі тармақтары: 1992 жылдың қарашасында жарияланған бағаны ырықтандыру мен 1993 жылдың қарашасында енгізілген ұлттық валюта болды .Қалыптасқан осындай жағдайда Н.Ә. Назарбаев республиканың экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге кірісті. «Сыртқы экономикалық қызмет саласында республика мен орталықтың қарым-қатынасын ретке келтіру керек болды. Біз егемендік алғанмен, сыртқы экономикалық, валюталық тәуелділіктен арылмай, толыққанды еркіндіктің болмайтынын» түсіндік. Қазақстандағы одақтық мемлекеттік кәсіпорындардың меншігі туралы мәселе 1991 жылдың жазына қарай шешіле бастады. Кәсіпорындарды Қазақстан құзыретіне өткізу қажеттілігі мойындалды» .1990 жылдың жазында кеңестік кезеңде ірі астықты аймаққа айналған Торғай облысы қалпына келтірілді (1970 жылы құрылған Торғай облысы, 1988 жылы таратылып кеткен еді). Сонымен қатар Теміртаудағы Қарағанды металлургиялық комбинаты Қазақстан құзыретіне өтті. Ол 1970 жылдары Қарағанды металлургия заводы негізінде құрылған еді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың алғашқы еңбек жолы да осында басталды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл көмір бассейнінің 500 мың тоннасын шетелге сату туралы келісім шартқа қол қойылды. Ал одан түскен валютаның 60%-ын шахтерлардың пайдасына шешу, тағы бір бөлігін өндіріс орындарын қайта өңдеу мен жаңа технологиялармен жабдықтауға жұмсау көзделді . 1990 жылдың күзінде орталықта КСРО Президенті М.С. Горбачевтің тапсырмасымен «500 күн» деп аталатын нарықтық қатынастарға көшу және экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жасау мәселесі көтерілді. Ал оны іске асыру 500 күнге жоспарланып, 4 кезеңге бөлінді: 1 - кезеңі (100 күн) тұрғын үй, жер, ұсақ кәсіпкерлікті жекешелендіру, ірі кәсіпкерлікті акцияландыру; 2 - кезеңі (100-250 күн) – бағаны босату; 3 - кезеңі ( 250-400 күн) - нарықты тұрақтандыру; 4 - кезеңі (400-500 күн) – көтерілудің басы. Алайда, кейінгі оқиғалар көрсеткендей, бұл бағдарлама іске аспай қалдыЖыл сайын Қазақстаннан 1,3-1,5 млрд. доллар әртүрлі шикізат көздері экспортқа шығарылдыНарықтың бірінші заңы – сұраныс пен ұсыныс заңы. 1992-1993 жылдар – дағдарысқа қарсы нақты іс-шаралар кезеңі болды. Басқаша айтсақ, нарықтық қатынастардың пайдасына обьективті тұрғыдан таңдау жасалған жылдар еді. Экономиканың тағы бір маңызды бағыты қаржылық және банктік жүйені қайта құрылымдау болды. Қазақстан үшін 1992-1993 жылдар, басқа ТМД елдері сияқты, «банктік серпіліс» кезеңі болды деуге болады1994-1995 жылдары – тоталитарлық жүйенің ыдырауы аяқталған кезең болды. Бұл жылдар мемлекеттілік пен нарықтық экономиканың жаңа үлгісін іздеу кезеңімен сипатталады. 1994 жылдың 15 шілдесінде ҚР-ның Президентінің Қаулысымен Үкіметтің реформаларды одан әрі дамыту және экономикалық дағдарыстан шығудың әрекет ету Бағдарламасы бекітілдіматтарды жұмыссыз қалдырды. Қоғамда келеңсіз жағдайлар көрініс берді. Күн көріс қамымен қазақ әйелдері тарих сахнасына шықты. Осылайша нарық, бір жағынан қоғамды ретке келтірсе, екінші жағынан бұрынғы кеңес халқын өз бетінше тіршілік етуге, кәсіп қылуға итермеледі. Осындай батыл қадамдардың нәтижесінде 90-жылдардағы экономикалық дағдарыс еңсерілді. Атап айтқанда, халықты азық-түлік өнімдерімен, тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету проблемасы шешілді. Осы жылдары «алдымен экономика, сосын саясат» қағидасы іске асырыла бастады.