1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет7/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Лендвай Э. Лексическая семантика русского языка. – Будапешт, 2000.
2. Новиков Л.А. Семантика русского языка. –Москва: «Высшая школа», 1982.
3. Жолшаева М. Қазақ тіліндегі етістіктер және аспектуалды семантика. –Алматы: «СДУ», 2011.
4. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: «Рауан»,1991. 215 б.
5. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Тіл біліміндегі семасиологиялық және ономасиологиялық бағыт. Тезис жазу.
2. Тілдік номинация: алғашқы аталым және екіншілік дәрежелі . аталым. Менталды карта түзу.
3. Қазақ ономастикасы бағытында зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбегіне шолу жасау.
4. Лингвосемиотика ғылымының қалыптасуы мен дамуы. Презентация түрінде ұсыну.
5. «От» және «су» лексемасының ономасиологиялық және семантикалық жүйесін қарастырыңыз.


Сөздің лексика-семантикалық табиғаты

1. Ұғым, мағына және сөз.


2. Лексикалық, грамматикалық және сөзжасамдық мағына.
4. Сөз семантикасы және оның семантикалық құрылымы.
5. Сөз семантикасындағы компонент типтері


1. Ұғым, мағына және сөз. Сөздің негізгі қызметі – атау, зат, құбылыс, іс-әрекетті және олардың басты белгілерін атап білдіру. Дегенмен, мынадай жайттарды ескеру керек: біріншіден, ұғым сияқты сөзде де зат, құбылыстың жалпы белгілері жинақталып беріледі. Үй, ат, құм, өзен, Ахмет – бір затты сол тектес заттардан айыру үшін қолданылатын белгі. Неғұрлым кейін пайда болған ұғым атаулары бұрыннан белгілі ұғымдарға ұқсастық негізінде жасалып отырады. Мәселен, күнбағар, итмұрын, түйетабан т.б. Екіншіден, сөз бен өзі білдіріп тұрған зат, құбылыс арасында табиғи байланыс болмайды. Үшіншіден, тілдегі сөздердің бәрі бірдей қалыптасқан логикалық ұғымды білдіре бермейді (шылау, одағай, көмекші, модаль сөздер).
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымның арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер бір зат жайында ұғым болмаса, оның мағынасын біле алмаймыз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, ұғымның болуы – сөз мағынасының маңызды шарты саналады.
Ұғым – логикалық категория, ойлау процесінің нәтижесі, тіл – тілдік категория ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Логикалық ұғымның тіл жүйесіне қатысы сөз арқылы іске асады. Адам санасында сезім мүшелері арқылы (есту, көру, сезу, дәм, иіс) қабылдауға болатын деректі заттар мен құбылыстардың бейнесі қалыптасқан. Сонымен қатар тек түйсік сезімі арқылы қабылданатын нақты заттық дерегі жоқ ойтанымдық құбылыстар (қуану, ренжу, қайғы, адамгершілік) бейнеленіп беріледі. Демек, зат пен құбылыс жайында қалыптасқан ұғымдар адамның сезім мүшелері мен түйсігі арқылы қоршаған ортаны танып білуінің нәтижесінде туған.
Ұғымның тек негізгі белгілері ғана адам жадында сақталып, зат пен құбылыстың негізгі белгілерін салыстыру арқылы бір-біріне ұқсас, тектес заттардың ортақ белгілері анықталған. Қоршаған орта туралы білімді, біз, тек түйсік арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде бүкіл белгілерінің біртұтас бейнеленуі қабылдау деп аталады. Мәселен, құрылысына, салыну ерекшеліктеріне, түрлеріне қарамастан жалпы үй атаулыға ортақ белгі – олардың баспана болатындығы [1, 5-8].
Ұғым – зат, құбылыс, іс-әрекетке тән мәнді және жалпы белгілердің адам санасында жинақталып берілген бейнесі. Заттар мен құбылыстардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін қасиеттері мәнді белгілер, ұқсастығын көрсететін қасиеттері жалпы белгілер ретінде танылады. Санадағы ұғымның адамдардың қоғамдық тәжірибесі арқылы сөздік қабыққа бекітілген бөлігі ұғымдық мағына деп аталады. Ұғымдық мағынаны кейде заттық-логикалық мағына деп те атайды. Сөзбен бірге өмір сүретін ұғымдық мағынада материалдық дүниенің белгілі бір дәрежедегі бейнесі болады да, біртұтас толық бейнесі көбіне көрініс таппайды [2, 81-82].
Сөз мағынасы ұғымдық мазмұнға қоса, айтушының көзқарасын, көңіл-күйін, сезімін, сөздің грамматикалық сипатын білдіре алады. Бұған қарап, сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сезім мен әртүрлі көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады. Мағынаның лексикалық және грамматикалық болып бөлінетіндігі белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет