1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет10/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Коннотаттық мағына. Коннотаттық немесе прагматикалық мағына – сөйлеушінің не тілдік ұжымның қайсыбір затқа, құбылысқа, нәрсеге деген субьективті көзқарасын білдіретін семантикалық компонент жиынтығы. Коннататтық мағына денотатты мағынаға қарағанда екіншілік сипатқа ие. Бұл мағынаның өн бойында эмоционалдылық, бағалауыштық сипат бар. Индивид не халық санасында жекелеген сөз не сөз тіркесі белгілі бір ассоциативті байланысты иеленуі мүмкін.
Коннотативті мағынаның туындауы, әрі екіншілік номинация процесінің нәтижесінде сөздің көпмағыналылығы пайда болады. Сөздің өн бойында коннотативті мағынаның пайда болуы зат, нәрсе, құбылыс арасындағы қандай да бір белгілердің түлкі (қу) – адам, қасқыр (мықты, қайратты) – адам және осы арқылы екіншілік номинацияның туындауына әсер етеді. Мәселен, жауыз адам – ит, қу адам – түлкі, ебедейсіз адам – аю).
Коннотативті мағынаға ие сөздер ғаламның тілдік бейнесінің үзіктерін, халықтың дәстүрлі ойлау жүйесінің тілдегі көріністері саналады. Денотаттық мағынаға қарағанда коннотациялық мағына метафоралық, метонимиялық тәсілдердің негізінде Мұндай метафоралық тәсіл арқылы сөз мағынасының ауысуына негізгі, өзек сема емес, шеткергі, перифериялық семалар негіз болады. Мұның барлығы қазіргі тіл тасымалдаушыларына атадан балаға мұра болып қалатын тілдік және менталды түсініктің қалдығы, ізі болып қалады. Халық тіліндегі жекелеген сөздердің өн бойындағы коннотативті мағына екінші бір халық тіліндегі коннотативті мағынасымен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін, кейде мағына жағынан тереңдеу болуы мүмкін.
Төмендегі кестеде кейбір жануарлардың тілімізде иеленетін коннотациялық мағынасы берілген:



Сөз

Коннотациялық мағына түсіндірмесі

ит

ашулы, дөрекі адам

қасқыр

қой терісін жамылған қасқыр



қайсар, өжет, пысық адам



өзінің жаман ниетін бүркемелейтін екіжүзді адам

түлкі

қу, мақтаншақ адам

аю

ірі денелі, күшті, алайда ебедейсіз адам

Кесте 2. Сөздің коннотациялық мағынасы
Бұл сөздердің ортақ эмоционалды-стилистикалық мағынасы ретінде «қарапайым», «дөрекі», «ауызекі» сынды реңктік белгілері саналады.
Атаудың коннотативті мағынасы адамның ішкі психологиялық күйін, жағымды-жағымсыз қасиетін бейнелейді. Сөздердің денотаттық мағынасы негізінде біро зат атауының екінші бір зат атауына ауысуы мүмкін болмас еді. Сөздің тура мағынасында «жауыз», «сараң», «қорқақ», «адал» сынды семалар жоқ. Алайда экстралингвистикалық білімнің негізінде (шеткергі сема) екіншілік номинация, яғни тұрақты сөз тіркестері қалыптасады. Тұрақты сөз тіркестеріне образдылық тән, өйткені мұнда сөз мағынасы ауысуы метафоралық, метонимиялық жолдары арқылы жасалады.
Коннотатты мағына жоғарыда айтылған екі мағынаның үстіне қосылған үстеме мағына. Бұл үстеме мағынада стильдік бояу, сезімдік бағалау, экспрессивтік мағына бар. Коннотатты мағына эмоция мен бағалаудан тұрады.
Қоршаған ортаны танып, оны қабылдауда және қабылданған нәрсені тілдік санада бекітуде «көз» таңбасы метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсіл арқылы көптеген фразеологизмдердің қалыптасуына ықпал еткен. Д¹ және Д² деңгейіндегі барлық денотативті семемалар, яғни бір лексеманың бойындағы семалық белгілер К¹және К² деңгейіндегі семемаларды туғызуға қабілетті. Көз сөзінің негізінде туындаған фразеологизмдердің семантикалық құрылымына талдау жасайық.
Көздің сыртқы формасының шар тәріздес дөңгелектігі метафоралық тәсіл, яғни сапа ұқсастығы негізінде ою-өрнекпен әсемдеп жасалған, шеңберлі әшекейді «көз» деп атайды; Д² деңгейінде адам, жан-жануарлардың көз ұясының үлкенді-кішілі болып келуіне орай кез келген торлы заттардың тесігін, иненің жіп өткізетін тесігін де «көз» деп атайды; Д² семемасының негізінде К¹ деңгейіндегі көз ↔ белгілі бір орналасу шегі бар жер ассоциациялық қатынасы (көз не көз алмасының сүйек қуысына орналасуы) негізінде бұлақтың көзі (бұлақтың су қайнап шығып жатқан жері, қайнар тесігі). Мұндағы коннатативті уәжделген семема Д¹ және Д² семалық белгілері дамуының негізінде жасалған. Мағынаның дамуы Д¹ және Д² семдік жүйесіндегі қандай да бір семалық белгілердің санада қайта өңдеуден өтуі арқылы туындайды. Нәтижесінде К¹, К² семемалары пайда болады. Мұндағы К¹ семемасы денотатты тікелей бейнелей алмайды, К¹ семемасы сол денотатты өзге бір денотат образымен сәйкестендіріп таңбалайды. Мысалы: дүниенің көзі, қаражаттың көзі, көзін табу. Адам не жан-жануарлар көзінің «мөлдірлігі, әдемілігі» сынды семалық белгісі негізінде Д²К¹ деңгейінде сұлулық ұғымын бейнелеуде: жәудір көз (мөлдіреген әдемі көз), қарақат көз (қарашағы қап-қара), қой көз (қоңыр түсті әдемі көз), құралай көз (құралайдың көзі сияқты әдемі), қара көз, күлім көз, жүзіктің көзінен өткендей, айнам көз (сұлу, шырайлы, сүйікті) тұрақты тіркестері қалыптасқан.
Лексика-семантикалық жүйе өте күрделі семантикалық өрістерді құрайды. Семантикалық өріс ғаламның тілдік бейнесін (болмыстың лексика-семантикалық бейнесі) сипаттайды. Бұл, әсіресе, лексикалық бірліктерді тақырыптық топтарға бөліп, жүйелеп көрсететін идеографиялық сөздіктерден көрінеді. Семантикалық өрістерге топтастырғанда лексикалық бірліктердің өн бойындағы интегралды семалар, архисемалық белгілер (қандай да бір тектік қатынасты айқындайтын белгілер) негізге алынады. Енді тілдік фактілерге назар аударайық:

Семантикалық өріс фрагменттері







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет