1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет23/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. –Алматы, 2003.
3. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1966.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
5. Leech, G.N. Semantics. Harmoondsworth: «Penguin Books», 1978.
6. Қалиев Б. Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. –Алматы, 2002.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Сөздің лексикалық мағыналарының типтерін айқындауда негізгі алынатын тілдік белгілер.
2. Сөздің негізгі және туынды мағыналары. Лексикалық талдау.
3. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары. Лексика-семантикалық талдау.
4. Сөздің еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналары. Лексика-семантикалық және фразеологиялық талдау.
5. Синтаксистік шартты мағына, узуалды және окказионалды мағына. Көркем шығарма тілінен алынған мысалдар негізінде лексикалық талдау жасау.

6. Берілген үлгі негізінде қанат, құлақ, түлкі, көк, ақ, күлу, тұру, орман, құндыз, су сөздеріне лексика-семантикалық талдау жүргізіңіз.


7.Лексикалық мағынаның типтеріне байланысты жүргізілетін лексика‐семантикалық талдау үлгісі:





  1. Б ұл атауыш немесе тура мағынадағы сөз: көру мүшесі. Себебі затты, құбылысты атап білдіреді.

Бір заттың негізгі атауыш мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан туады.

  1. С өздің шығу тегіне байланысты – түпкі мағынадағы сөз. Себебі қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, ары қарай бөлшектенбейтін түбір ретінде танылатын дербес сөз.

  2. Б ұл – синоним сөз. Себебі синонимдік қатары бар: көз, жанар, бұлақ.

  3. С
    көз
    өздердің тіркеу сипатына байланысты – фразеологиялық байлаулы мағынаның жасалуына негіз болатын ұйытқы сөз. Мысалы:
    қас пен көздің арасында, көзі іліну, көз майын тауысу.

  4. Сөздің стилистикалық мағынасына байланысты – бейнелі мағынадағы сөз. Себебі адамның сезімі мен көңіл-күйіне байланысты айтылатын эмоционалды мағынада қолданылатын сөз: дүниенің көзі, көкірек көзі, білімнің көзі.

  5. Сөздің стилистикалық мағынасына байланысты – терминдік мағынаны иеленетін сөз. Көз – адамда, барлық омыртқалы жануарларда жарық әсерін қабылдайтын мүше.

  6. Сөздің қолданылу сипатына байланысты – жалпылама лексикаға тән сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет