1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет24/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
Байланысты:
ҚҚТЛменЛ. Оқулық. Соңғы вариант

Семантикалық анализ тәсілдері

1. Дистрибутивті анализ.


2. Компонентті талдау әдісі.
3. Ассоциативті эксперимент әдісі.
4. Прототипті және фреймдік анализ.
5. Семантикалық трансформация әдісі.


Дистрибутивті анализ. Дистрибуция – сөйлеу тілінде қандай да бір тілдік бірліктің иеленуі мүмкін деген сөз тіркесімділігінің жиынтығы. Дистрибутивті анализ сөздің синтагматикалық қатынасын толық бейнелеп көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда лексикалық мағына сөздің синтаксистік конструкциясы арқылы танылады. Дистрибутивті әдістің негізгі мақсаты:

  • сөз бен оның тіркесімділігінің сандық көрсеткішін, валенттілік ерекшелігін анықтау;

  • сөз бен оның қоршауындағы сөздердің мазмұндық ерекшелігін айқындау.

Сөздердің лексика-семантикалық тобы – ортақ ұғымды білдіретін сөздердің жиынтығы. Мәселен, ұл = адам, су = сұйықтық.
Тіркесімділік – белгілі бір лексика-семантикалық топтағы сөздердің өзге сөздермен тікелей байланысқа түсу қабілеті, конструкция ішіндегі сөздердің лексико-семантикалық қатынасының сапалық көрсеткіші. Мәселен, суық су, жылы су, қайнаған су, минералды су, қара су, ақ су, қызылсу, ащы су, тұщы су, суы тастай, су асты жер сілкіністері, су тасу, арықтың суы, су тартқыш колонка және т.б.


Компонентті талдау әдісі. Сөз мағынасының семантикалық кұрылымын аныктауда компонентті анализ жолымен сөз мағынасын талдау жасалады. Компонентті талдау негізінде мағынаны бірнеше кіші бөлшектерге, яғни кіші семалық бөліктерге бөлеміз. Мұндай кіші семалық бөліктердің сөз мағынасын талдап көрсетуде тигізер пайдасы мол. Мәселен, әже деген сөзде кемінде 4 сема бар: 1) әйел жынысты адам, 2) жасы үлкен, 3) кандык туыстыкты білдіреді, 4) әкенің не ананың анасы. Әйел жынысты білдіру тек әжеге ғана байланысты емес, анаға да, жеңгеге де. сіңліге де, қарындасқа да катысты сема. Ал жасы үлкендік ағаға да, әкеге де анаға да, тәтеге де катысты сема, бірак осы төрт семаның біреуі жоғарыдағы сөздерді өзара ажыратып жатуына себін тигізеді. Сондыктан семалық талдау сөздердің өзара қатынасын аныктауда, системадағы сөздердің орнын белгілеуде қажет болады. Сонымен бірге денотаттык, сигнификаттық мағыналардың өздері де бірнеше семаларға бөлініп кете береді [2,70]. Төменде лексика-семантикалық жолмен (конверсия) термин сөзге назар аударайық:

Егер байыптап қарайтын болсақ, парадигмалық, синтагмалық мағыналар тілдің ішкі заңдылықтарымен байланысты туатындығы, сөйлеу процесінде анықталатындығы анық. Ал лексикалық мағынаның семалық бөліктердің жиынтығынан кұралатын бір бүтін категория ретінде қалыптасатынын бағамдаймыз.


Мұндай талдаудың нәтижесінде лексеманың семантикалық құрылымы, яғни сөздің лексикалық мағынасының ірі және кіші семантикалық құрылымы айқындалады, атап айтқанда, сөздің денотативті, сигнификативті, коннотативті мағынасы мен сөздің кіші семалық бөліктерге (архисема, дифференциалды сема, потенциалды сема) жіктелуіне талдау жасалады. Нәтижесінде сөздің екінші сөзбен семантикалық тұрғыдан жуықтығы, әрбір сөздің өзіне тән айырым белгілері, сөздің сөйлеу үдерісіндегі иеленетін қосымша мағыналары, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздің алғашқы аталыммен арасындағы ортақ белгілері айқындалады.
Компонентті анализ нәтижелерін семасиологияда, лексикографияда, тілді ана тілі немесе шет тілі ретінде оқытуда қолданылады. Компоненттік талдау дистрибутивтік әдістің жаңартылған нұсқасы саналады. Бұл әдістің мақсаты сөз мағынасының семалық құрылымын анықтау. Бұл әдісті түр-түс, туыстық қатынастар, үй немесе жануарлар аттарын талдағанда қолдануға болады. Мысалы: туыстық терминді анықтағанда үш сема қолданылады: а) жынысына қарай айыру; ә) туыстық жақындығына қарай; б) жас ерекшелігіне қарай айыру (үлкен-кіші). Мысалы: әке – сөзінің мағынасы үш семадан тұрады: а) еркек; ә) тікелей туыс; б) жасы бойынша үлкен.


Ассоциативті эксперимент. Ассоциативті эксперимент жүргізудегі негізгі мақсат – субьектінің ақиқат дүниені тануға, танытуға деген белсенділігін, әсерін (реакция) байқау, субьектінің «менін» бақылау. Осы эксперимент арқылы субьектінің мәдениеті мен өмірлік тәжірибесін тануға болады. Әрбір халықтың не ұлттың, әрбір жеке субьектінің қоршаған орта туралы қалыптасқан белгілі бір стереотиптері, өзіндік таныту ассоциациялары болады. Бұл тілдегі кез келген сөздің ассоциациялық жүйе құрайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар ассоциативті эксперимент нәтижесінде алынған вербалды ассоциацияларға талдау жүргізу арқылы ғалам бейнесінің ұлттық санада қалай қабылданатынын, оның уәжі мен құндылықтар жүйесін, мәдени әлеуметттік стереотиптерін айқындауға болады.
Қазіргі кезеңде ассоциацияның тәжірибелік деңгейі артып, ассоциативті эксперимент пен оған қатысты практикалық зерттеулер кеңінен жүргізілуде. Ассоциативті эксперимент процедурасы төмендегі сипатта жүреді: сынаққа қатысушыларға белгілі бір сөздер жиынтығы немесе жекелеген сөз тіркестері беріледі және олардан ойына алғаш түскен екі не үш сөз көлемінде жауап берілуі сұралады. Әдетте, информанттарға 100 сөз беріледі де, 7-10 минут ішінде олардан жауап күтіледі. Берілетін сөз стимул деп аталады да, сол сөз-стимулға берілетін жауаптар сөз-реакция түрінде қабылданады. Демек, ассоциативті эксперимент «стимул – реакция» жүйесі бойынша жүргізіледі. Психолингвистикада ассоциацияны анықтау үшін адамға тірек ретінде әртүрлі суреттер, сөздер, түстерді беріп, жауап ретінде олардың интерпретациясын бақылайды, яғни реакциясын байқайды.
Ассоциативті эксперименттің бірнеше нұсқасы қолданылады:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет