1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет62/69
Дата07.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#106548
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. –Алматы: «Сардар», 2014.
2. Абаев В.И. О принципах построения этимологического словаря. «Вопросы языкознания», 1952, № 5, 68‐бет.
3. Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді. – Алматы, 1974.
4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы, 2008.
5. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы, 1966.
Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Қазақ этимологиясының зерттелуіне шолу жасап, презентация түрінде ұсыну.
2. Сөздің шығу тегін айқындаудағы ғылыми этимология принциптері жөнінде қысқаша тезис жасау.
3. Сөз төркінін айқындаудағы халықтық этимология принциптері жөнінде түсінік беру.
4. Түркі және қазақ тіл біліміндегі этимологиялық сөздіктерге шолу жасау, оны слайд түрінде ұсыну.
5. Тұрақты тіркестер мен қос сөздер құрамындағы мағынасы түсініксіз сөздердің этимологиялық мағынасын ашып түсіндіру (этимологиялық сөздіктер негізінде).

Қазіргі қазақ тілінің лексикографиялық жүйесі

1. Қазақ сөздіктану ғылымының қалыптасуы мен зерттелуі.


2. Сөздік мақала және лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлері.

Кез келген тілдің сөздік құрамы лексикологияның зерттеу нысаны болса осы сөздік құрамды жүйелеп сөздік ретінде түзу ісімен лексикография айналысады. Яғни, сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын зерттейтін ғылым саласы. Сөздіктану (лексикография) ғылымының негізгі міндеті – лингвистикалық сөздіктер түзуде ұстанатын ғылыми принциптер мен сөздік түзу тәсілдерін айқындау.


Әлемдік лексикографияда қалыптасқан ғылыми жіктеме бойынша бұл сала лексикография тарихы мен лексикография теориясы болып екіге бөлінеді.
Лексикография тарихы түрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдерде жасалған сөздіктерге жалпы филологиялық талдау жасап, оларды ғылыми айналымға қосу мәселелерімен айналысады.
Лексикография теориясы сөздік түзу тәжірибесін қорытып, жүйеге салады, сөздіктердің тарихи тұрғыдан қалыптасқан жанрларын жетілдірудің теориялық мүмкіндіктерін ашады [1, 3].
Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің энциклопедиялық, лингвистикалық сияқты түрлерін шығаруға жағдай жасады. Ғалым А.Салқынбай тіл білімінің бір саласы ретінде сөздіктану мынадай мәселелерді қарастыратындығын атап көрсетеді:

  • сөздік түзудің ғылыми принциптерін, сөздік жасаудың теориялық негізін айқындайды;

  • тілдегі сөздерді түзудің әртүрлі жолдары мен тәсілдерін саралап, сөздік түрлерін анықтайды, нақтылайды;

  • тілдегі сөздіктердің жиынтығын көрсетіп отырады [2, 170].

Қазақ сөздіктану ғылымының қалыптасуы мен зерттелуі. Қазақ сөздіктану ісі қазақ тіл ғылымының өзге салалары сияқты соңғы елу-алпыс жыл ішінде қалыптасты. Қазақ тіл ғылымында сөздіктануға қатысты К.Аханов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Болғанбаев, Ә.Қайдар, Ғ.Қалиев, Б.Қалиұлы, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Т.Жанұзақов, М.Малбақов сынды ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеулері арқылы қазақ ұлттық сөздіктану ғылымы қалыптасты деуге болады. Бұған Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігі туралы» (1956), І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің екі томдық түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелерінен» атты баяндама тезистері (1960), сонымен қатар «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), К.Ахановтың «Қазақ лексикографиясы туралы ойлар» атты мақаласы (1965), Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер» (1975) сөздігі дәлел бола алады. Лексикография тарихы тұрғысынан қарасақ, қазақ сөздігінің тарихы тым әріде жатқандығын байқаймыз.
Қазақ сөздігінің қалыптасу тарихын ХІ ғасырда өмір сүрген энциклопедист ғалым, өз еңбегін жазу барысында жалпы тіл білімі тарихында ең алғаш рет салыстырмалы‐тарихи әдістің методологиялық негіздемесін жасаушы М.Қашқаридің есімімен байланыстыруға болады. М.Қашқаридың «Диуани луғат ат‐түрк» сөздігі түркі сөздерінің тезаурусын, сөздік қорға енген лексикалық бірліктердің лексика‐семантикалық сипатын, этномәдени мағынасын ашып түсіндірген, түркітану ғылымының бүгіні мен болашағы үшін баға жетпес құндылық болып табылады. Шын мәнінде, Еуропа тілші ғалымдары тілдің туыстық мәселесіне тек ХҮІІ‐ХҮІІІ ғасырларда ғана көңіл бөле бастаса, М.Қашқари түркі тілдері арасындағы ұқсастық пен ерекшелік мәселесі туралы ХІ ғасырда сөз еткен. Бұған Р.С.Мухитдиновтің: «Махмуд Қашқари түркілер мекендеген аймақтарды аралай жүріп, түркі тайпалары тілдерінің арасындағы айырмашылықтарды айқын таныған, түркі тілінің сөздік қорын жинай отырып әдеби тілдің байлығына көз жеткізген» деген пікірі дәлел болады [3,123]. Орта түркілік кезеңде жоғарыда атлған еңбекпен қатар тұрар «Кодекс Куманикус (ХҮІІІ ғ.)» сөздігін де атап өткен жөн.
Қазақ сөздіктану ғылымының қалыптасып дамуына өзге ұлт өкілдерінің де қосқан үлестері көп. Айталық, В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий», Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского языка, Л.З.Будаговтың «Сравнительный словарь турецко‐татарских наречий» және араб лингвистерінің тілді оқып үйрену мақсатына сәйкес жазған екі тілді сөздіктер де жарық көрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет