Қазақ тілі
|
Түрік тілі
|
Ұйғыр тілі
|
Якут тілі
|
Өзбек тілі
|
Түрікмен тілі
|
Қырғыз тілі
|
Саяжай
|
yazlık
|
җаңза
|
Даача
|
yozgi uy
|
daça
|
дача
|
Аялдама
|
durak
|
бекәт
|
тохтобул
|
to'xtating
|
duruzma
|
токтотуу
|
Әуежай
|
aeroport
|
аэропорт
|
аэропорт
|
aeroport
|
uçar meýdany
|
Аэропорт
|
Саябақ
|
park
|
бағ
|
парк
|
park
|
seýil bagy
|
Парк
|
Самалдық
|
balkon
|
балхана
|
балкон
|
ijtimoiy odoblar
|
balkon
|
Балкон
|
Теледидар
|
Tv
|
телевизор
|
телевизор
|
Tv
|
telewizor
|
TV
|
Әнұран
|
Himn
|
гимн
|
гимн
|
madhiya
|
gimn
|
гимн
|
Пернетақта
|
Klavye
|
клавиатура
|
клавиша
|
klaviatura
|
klawiatura
|
клавиатура
|
Құлаққап
|
Kulaklık
|
наушник
|
кулгаах
|
eshitish vositasi
|
şugulçy
|
аккордеон
|
Күйсандық
|
Piyano
|
пианино
|
пианино
|
pianino
|
pianino
|
фортепьяно
|
Кеден
|
Gümrük
|
таможня
|
таможня
|
urf-odatlar
|
gümrükhana
|
бажы
|
Жарнама
|
Reklam
|
реклама
|
реклама
|
reklama
|
reklama
|
реклама
|
Балмұздақ
|
Doňdurma
|
мороженое
|
Мороженай
|
muzqaymoq
|
doňdurma
|
балмуздак
|
Кестедегі мысалдарға қарап көптеген түркі тілдері неологизм сөздердің сол тілдегі нұсқасын қалдыруды көздесе, қазақ тілі семантикалық сәйкестікті өз тілінен табуға тырысып, қазақша баламсын ұсынып келеді. Бұл өз кезегінде қазақ тілінің сөздік құрамын байытуға септігін тигізеді. Әйтсе де бұл ұстанымды қазақ тілі өзінің туыстас түркі тілдерінен және халықаралық терминдер бірізділігінен алыстап бара жатыр деп түсіндіріп жүргендер де бар. Өйткені өзге түркі тілдерді бұл кірме сөздерді фонетикалық, семантикалық, грамматикалық тұрғыдан өзгертпей, түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап қабылдап жатқанына кестедегі мысалдар дәлел бола алады.
Жалпы тілдегі неологизмдердің жасалу жолдары мынадай:
1. Семантикалық тәсіл арқылы жасалған неологизмдер – сөз мағыналарының тарылуы не кеңеюі арқылы жаңа мағынаны иеленген жаңа қолданыстар. Мұндай атаулар қатарына қатарына жиек, даңғыл, түлек, нысан, үрдіс, құжат, нарық, тығын, кеден, діл, ағза т.б. тілдік қолданыстарды жатқызуға болады. Берілген мысалдардағы ағза, діл, құжат, үрдіс, кеден бірліктері тіліміздің пассив сөздер қатарын құраған болса, қазіргі тілімізде бұл сөздердің о бастағы мағыналары негізге алына отырып, қосымша мағына телу арқылы жаңа қолданысқа түскен. Ал тығын, түлек, жиек, әл-ауқат сөздері жалпыхалықтық тілде қолданылып жүрген сөздер болса, өздерінің білдіретін мағыналарының біршама өзгеруі немесе жаңаруы арқалы жаңа тілдік қолданыстарға ие болған. Мысалы, тығын атауы тілімізде «бөтелке сияқты өңеші тар ыдыстың аузына тығылатын зат» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің орыс тіліндегі пробка (транспортная) сөзінің баламасы ретінде ұсынылуына сөз мағынасындағы «тығындалуы, тығылуы» семалық белгілері себеп болуы мүмкін. Орыс тіліндегі благосостояния сөзінің қазақша баламасы ретінде о баста «игілік» сөзі қолданылса, кейін келе «әл-ауқат» сөзі тұрақты қолданысқа ие болған.
2. Аффикстік неологизмдер. Қазіргі қазақ тілінде неологизм жасауда сөз жасаушы аффикстердің маңызы зор. Қазақ тіліндегі бірқатар жұрнақтар сөз тудырудағы қалыптасқан белсенділігін сақтап қалған. Солардың бірі − -шы, -ші қосымшалары. Баспасөз материалдары бұл жұрнақтың қазіргі тілімізде де өнімділік танытып, сөз тудыру жағынан алдыңғы қатарда тұрғандығын көрсетеді. Мысалы: аяқдопшы, көсемсөзші, жүргінші, тапсырысшы, көшбасшы, кеденші т.б. Сөзжасам үрдісінде өзінің белсенділігін сақтап қалған жұрнақтың бірі -лық,-лік, -дық,-дік, -тық,-тік. Мысалы: әкімдік, серіктестік, кәсіпкерлік, қауымдастық т.б. Бүгінгі баспасөз беттерінде қоданылып жүрген жаңа атаулар қатары тіліміздегі -нама (-дама) қосымшалары арқылы алынған сөздер. Мәселен, жаднама, әдепнама, әлеуметнама сияқты атауларға қарағанда қазақ тілді басылымдарда жиі қолданысқа түсіп жүрген тұжырымдама, дерекнама, қазанама, тұғырнама сөздерін жалпыхалықтық қолданысқа түскен тілдік бірліктер қатарына қосуға болады.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап өнімділік таныта бастаған және көптеген жаңа атаулардың туындауына негіз болған қосымшалардың бірі: -гер,-кер. Мысалы: зейнеткер, үлескер (дольщик), іскер, борышкер, кәсіпкер сөздері қазіргі тілімізде орныққан атаулар қатарынан саналса, алаугер, қарызгер (заемщик), білімгер, бітімгер, сазгер, сахнагер, киногер сынды атаулар баспасөзде біршама қолданысқа түскенімен, жалпыхалықтық қолданысқа түсе қоймаған атаулар.
Сондай-ақ, -ма, -ме жұрнағының қатысуымен жасалған атауларды арнаулы салалардың бәрінен кездестіруге болады. Мысалы: жүктеме, көшірме, мәлімдеме, үстеме, хаттама сөздерін жалпыхалықтық сипат алған, әрі ғылымның арнаулы салаларында қолданысқа түскен термин сөздер деп танимыз.
3. Сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жасалған неологизмдер. Неологизмдердің бұл түрі екі түбір сөздің бірігуі арқылы түбірдегі екі компоненттің мағыналарынан мүлде басқа үшінші бір мағынаны тудырады. Соның нәтижесінде ол жаңа атау ретінде қабылданып, тілдің лексика саласына ене бастайды. Ғ.Мұсабаевтың көрсетуінше, қазіргі қазақ тілінде сөздердің бірігуі арқылы жасалған жаңа атаулар үш топқа бөлінеді:
1. Неологизм болып біріккен сөздердің бір тобы өздерінің жаңадан ғана лексикаға енгеніне қарамастан, жалпыхалықтық лексикаға ене бастайды. Мысалы: еңбеккүн, ақорда, ақуыз, бейнетаспа, әнұран, елтаңба, әуежай, бейнебақылау, зейнетақы, келіссөз, сыйақы т.б.
2. Бір топ біріккен сөздер қазақ тілі лексикасы құрамына көптен енгеніне қарамастан, жалпыхалықтық қолданысқа ие бола алмай келеді. Мысалы: айдарбелгі, әскербасы, зілтемір, субұрқақ, жөргекпұл, әуесерік, төсбелгі т.б.
3. Бір топ сөздер лексика құрамына енбейтіндіктен, тар мағынадағы ғылыми-техникалық терминология көлемінде қалады. Мысалы: өнертабыс (изобретение), қолөнер (ремесло), үндеухат (листовка) [2, 194]
жолақы бақылау
қаламақы жазба
зейнетақы көрініс
үстемақы құжат
Достарыңызбен бөлісу: |