т іркесімділігі Фразеологиялық байлаулы
мағына
Синтаксистік шартты
мағына
С
Бейтарап мағына
өздердің Бейнелі мағына
с тилистикалық Кәсіби-терминдік мағына
қызметі
Кесте 1. Лексикалық мағынаның түрлері
1. Сөздердің шындық болмысқа қатыстылығына қарай пайда болған мағыналары. Сөздің атауыш мағынасы (тура мағына) - заттар мен құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен пайда болған. Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш мағына деп аталады. Атауыш мағына әр заттың дербес мағынасы болып келеді, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз: қалам, алма, ағаш, тау т.б. Мұндағы заттық ұғымдар жеке-жеке аталып, бірден атауыштық мағынаға ие болып тұр. Бұл мағына зат пен құбылысқа тікелей бағытталғандықтан, тура мағына деп аталады. Тура мағына зат пен құбылыстың қазіргі кездегі тұрақты, негізгі мағынасы болып саналады.
Есімдік сөздердің мағынасы меңзеу мағына деп танылады. Өйткені ол тек мағыналы сөздердің орнына жұмсалып, оларды алмастырып меңзеп тұрады.
Сөз мағынасына талдау жасағанда әрдайым оның тура мағынасынан бастаймыз. Мәселен, түсіндірме сөздікте мін сөзінің кем-кетік, кінәрат, ақау; көлікке отыру сияқты негізгі мағыналарынан бастап, тұрақты тіркес құрамындағы «мін жоқ, мін тақты, мінін бетіне басты» сияқты мағыналары беріледі. Сөз мағынасы дамып, жетіліп отыратын құбылыс. Сөз әрқашан тура мағынада бола бермейді, сөздің атауыштық мағынасының негізінде туып өрбіген, бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті ауыс мағыналары болады.
Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей бір атауыш лексикалық мағынаны білдіріп қоймайды. Олардың ішінде бірнеше атауыштық мағынаға ие болатын сөздер де бар: көз, құлақ, аяқ, бет т.б. Сол сияқты бу сөзін алсақ, «сұйық заттың жылып, қызуынан пайда болатын тұман тәрізденген зат», «бір нәрсені қатты қысып байлау» деген мағыналарды иеленсе, ауыспалы мағынасы - «бір нәрсенің желігі, әсері; маза бермеу, тыныш таптырмау», ал «буға семірді, ыза буды» дегендегі бу сөзі поэтикалық тұрғыдан ауыс мағынада қоладынылып тұр. Ал поэтикалық мағына - халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер жасау, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану нәтижесінде алынады. Сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан туады. Бұған зат, нәрсе, құбылыс не оның белгілерін басқа бір затпен салыстыру, ұқсату себеп болады. Сөздің ауыс мағынасында оның тура мағынасы әрдайым сезіліп тұрады. Ал сөздің ауыс мағынасы өз кезігінде көпмағыналы сөздердің тууына әсер етеді.
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын нақты заттар мен құбылыстардың мағынасы деректі мағына, ал түйсік сезімі арқылы ғана қабылданатын сөздердің мағынасы дерексіз мағына болып танылады (адамгершілік, ақыл, ой, уайым және т.б.).