9. Зияты зақымдалған оқушылардың оқуы мен жазуын түзету.
1. Зияты зақымдалған балалардың жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы.
2. Зияты зақымдалған балалардың оқуы мен жазуын түзету әдістемесі.
Жазбаша сөйлеу тілі ұғымына оқу мен жазу кіреді. Жазу-бұл графикалық элементтердің көмегімен информацияны қашыққа жіберіп сөйлеу тілін белгілейтін таңбалар жүйесі. Яғни, жазбаша таңбалар жүйесі арқылы қатынас жасаудың ерекше түрі.
А.Р. Лурия оқу импрессивтік сөйлеу тілінің ерекше түрі, ал жазу экспрессивті сөйлеу тілінің ерекше түрі деп сипаттайды. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасады. Дегенмен, екеуінің арасында айырмашылықтар болады:
- ауызша сөйлеу тілі бір жаста, ал жазбаша сөйлеу тілі 5-6 жаста қалыптасады;
- ауызша сөйлеу тілі үлкендермен қатынас процесінде пайда болса, жазбаша сөйлеу тілі саналы түрде, оқыту процесінде қалыптасады;
- жазбаша сөйлеу тілінде күрделі пунктуациялық ережелер жүйесін қолданады;
- жазбаша сөйлеу тілінде эмоционалды қатынас түрлері (мимика, жест, т.б) қолданбайды;
-оқушыға немесе тыңдаушыға түсінікті болу үшін хабарланатын ақпарат толық, нақты болу керек. Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуының (ЖСТБ) білдіретін әр түрлі терминдер қолданады: жазудың жартылай бұзылуы - дисграфия; жазудың мүлдем қалыптаспауы-аграфия; оқудың жартылай бұзылуы - дислексия; оқу дағдыларының мүлдем болмауы - алексия; орфографиялық біліктілігі мен дағдыларын менгере алмауға байланысты жазудағы тұрақты кездесетін қателер - дизорфография деп аталады.
Қазіргі кездегі оқудың бұзылысын атауға келесі терминдер қолданылады: «алексия» - оқудың мүлдем болмауы және «дислексия», «дамудың дислексиясы», «эволюциялық дислексия» - оқуды менгеру үрдісінің жартылай бұзылысы белгіленеді.
Балалар арасындағы оқу бұзылысының таралуы өте жиі кездеседі. Европалық елдерде түрлі авторлардың айтуы бойынша балалардың 10% -да дислексия кездеседі. Р.Беккердің мәліметтері бойынша интеллектісі қалыпты төменгі сыныптағы жалпы мектеп оқушыларының 3% -де оқудың бұзылысы байқалады, сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар балаларға арналған мектептерде дислексия кездесетін балалар саны 22% құрайды. Р.И.Лалаеваның мәліметтері бойынша көмекші мектептің 1-сыныбында оқудың бұзылысы 62% оқушыларда белгіленеді. А.Н.Корневтің мәліметтері бойынша дислексия 7-8 жастағы балалардың 4,8% бақыланады. Күрделі сөйлеу тіл бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептерде дислексия 20 – 25% балаларда кездеседі. Ұл балаларда дислексия қыздарға қарағанда 4,5 рет жиі кездеседі.
Дислексия – тұрақты сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін және жоғарғы психикалық функциялардың қалыптаспағандығымен (бұзылысымен) шартталған, оқу үрдісінің жартылай спецификалық бұзылысы.
Т.Г. Егоров оқу дағдысының қалыптасуының келесі деңгейлерін бөледі:
1. дыбыстық-әріптік белгілеуін менгеру; 2. буындап оқу; 3. оқудың синтетикалық әдісінің қалыптасуы; 4. синтетикалық оқу. Олардың әр қайсысы түрлілігімен, сапалы ерекшелігімен, белгілі бір психологиялық құрылымымен, өз қиындығы және міндеттерімен, сонымен бірге менгеру тәсілдерімен сипатталады.
Оқу дағдысын сәттілі менгерудің негізгі шартына: ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық жағының қалыптасуы (дыбыс айту, фонемнің естіп ажыратылуы, фонематикалық талдау мен жинақтау), лексикалық-грамматикалық талдау мен жинақтау, лексикалық-грамматикалық құрылымы, кеңістіктік түсініктерінің, көру талдауының, жинақтау және жалпылауының жеткілікті дамуы жатады.
Дислексия механизмдері ретінде фонематикалық қабылдаудың (фонемді ажырату), фонематикалық талдау мен жалпылау, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрлымының қалыптаспағандығын қарастыруға болады. Дислексия негізінде тілдік жалпылаудың (фонематикалық, морфологиялық, синтаксистік) жетілмегендігінен пайда болады.
Оқудың бұзылуының психолингвистикалық аспектіде дислексия оқу үрдісінің түрлі операцияларының (көріп қабылдаудың және әріпті ажыратудың, фонемді талдаудың, дыбыстың буынға бірігудің, буындардың сөзге, сөздің сөйлемге синтезделуінің, мағынамен сәйкестенудің) бұзылысы ретінде қарастырылады.
Дислексияның келесі механизмдерін атауға болады: 1) сенсомоторлы операциялардың қалыптаспағандығы (әріптің көріп-кеңістікті талдануы және сөзде олардың сәйкестенуі); 2) тілдік операциялардың дыбыс, буын, сөздермен және мәтіндегі сөйлемдердің операцияларының (фонематикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейдің) қалыптаспағандығы; 3) семантикалық операциялардың бұзылысы (мағынамен сәйкестендіру).
Жазудың бұзылуын белгілеуде негізінде дисграфия, агрофия, дизорфография, эвалюциялық дисграфия (баладағы оқуды меңгеру үрдісінің бұзылуын белгілеуге) деген терминдерді қолданады.
Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады.Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздік дыбыстық, буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдер. Сонымен қатар дисграфияда сөзсіз функциялардың бұзылуының белгілері де байқалады.
И.Н. Садовникова жазудағы қателерді толық анықтап жүйелеу және түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін ерекше қателерді деңгейлік принципке сүйеніп талдау қажет деп есептейді. Соның негізінде ерекше қателерді үш топқа бөледі:
- әріп және буын деңгейіндегі қателер;
- сөз деңгейіндегі қателер;
- сөйлем деңгейіндегі қателер.
↓ ↓ ↓
Буын және әріп деңгеіндегі қателер
|
Сөз деңгеіндегі қателер
|
Сөйлем деңгейіндегі қателер
|
әріпті, буыннды тастап кету;
алмастыру;
шатастыру;
қосып
жазу
|
сөзді бөліп жазу;
сөздерді бірге жазу;
контаминация
|
сөйлем шегін айырмау;
аграмматизм
(сөйлемдегі сөздердің байланысының бұзылуы)
|
Ақыл ойы кем оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін түзетуде олардың жоғарғы жүйке жүйесінің, психопатологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.
Осыған байланысты көмекші мектепте жазу мен оқу бұзылыстарын түзету жұмысы таным әрекетінің дамуымен, талдау мен жинақтаумен, салыстырумен, жалпылаумен тығыз байланыста болуы керек. Сондай-ақ фонетикалық жуық дыбыстарды салыстыру, сөйлемнің құрылымын, сөздің дыбыстық-буындық құрамын талдау, көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауды дамыту кеңістікті бағдарлауын дамыту жұмыстары оқу мен жазуын қалыптастыруда, түзетуде кеңінен қолданылады.
Жазбаша сөйлеу тілін түзетуде көмекші мектепте түрлі психикалық функцияларды дамыту қажеттілігі туындайды. Жазу мен оқу бұзылыстарын жою ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетумен (дыбыс айту бұзылыстары, сөйлеу тілінің фонематикалық жағының жетілмеуі, лексика-грамматикалық жағының қалыптаспауы) тығыз байланыста жүргізіледі.
Қазіргі кезеңдегі зерттеулерде жазудағы, оқудағы ерекше қателердің тұрақты кездесуіне, жалпы жазу, оқу дағдыларының қалыптасуына олардың функционалды базистерінің әсері зор деп есептеледі, ерекше көңіл бөледі. Жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына қажетті алғы шарттарын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |