Байланысты: 1. Балаларды зияткерлік жеткіліксіздігі м селелеріні теориялы
7. Зияты зақымдалған балалардың дыбыс айту бұзылыстарын түзету. 1. Дыбыс айтуының бұзылуын түзету кезеңдері. Әр кезеңнін мазмұны.
Ақыл ойы кем балалардың дыбыс айтуының бұзылуынын түзетуде олардың психикалық процестерінің ерекшеліктері ескеріледі: қабылдау аясының темпінің баяулығы мен тарылуы, зейінінің тұрақсыздығы, жады мен ойының ерекшелігі, мотивациясы мен қызығушылығының әлсіздігі.
Арнайы мектепте логопедиялық жұмыстың ерекшелігі түзету ықпалдың жекешендіруі болып табылады. Жұмысты жоспарлауда да логопедиялық жұмыстың ерекшелігі байқалады.
Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері.
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.ф.Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина, О.Ф.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев төрт кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:
Дайындық кезеңі
Дыбысты қою кезеңі
Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі
Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді.
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары:
- баланы түзету жұмысына ынталандыру,
- саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету,
- зейінін, тыңдау есте сақтау ойлау қабілетін дамыту,
- артикуляцияны дұрыс калыптастыру,
- дыбысты қабылдау, ажырату жатады.
Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар колданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:
- «Күрекше» жалпақ тілді шығарып астынғы ерінге ұстап тұру
керек.
- «Инеше» ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп
шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
- «Төбешік» Ауызды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін
жоғарғы азу тістерге жабыстырып, тілдің ұшын астынғы тіске тіреп
ұстау.
- «Түтікше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, тілдің бүйір
жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
- «Ожау». Ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғарғы тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.
- «Сағат». Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
- «Саңырауқұлақ». Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
- «Алтыбақан». Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
- «Тәтті тосап». Жалпақ тілді шығарып жоғарғы ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.
- «Сылақшы». Ауызды кең ашып тұрып тілдің ұшын жоғарғы таңдайға тигізіп алға артқа қозғалту. /10 рет қайталау/.
- «Тоқылдақ». Ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарғы
альвеолаға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау
керек.
- «Ат шауып келеді». Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-
айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр
дыбысқа керекті жаттығулар алынады.