1. Балалардың зияткерлік жеткіліксіздігі мәселелерінің теориялық негіздері



бет18/22
Дата26.03.2023
өлшемі128,7 Kb.
#76206
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
1. Балаларды зияткерлік жеткіліксіздігі м селелеріні теориялы

Кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру
Кеңістік пен уақыттың кезектілігін анықтауға арналған жаттығулар сөздің дыбыстық, буындық және морфемдік құрылымын талдауға негіз болады. Сонымен қатар уақыт туралы ұғымдарын дамыту сөз қырын белсендетуге және етістіктің шарттарын түсінуге ықпалын тигізеді.
Кеңістікті бағдарлау жұмысы өзара тығыз байланысты екі бағытта жүргізіледі:
- Өз денесін бағдарлау, оң сол дене мүшелерін ажырату;
- Қоршаған кеңістікті бағдарлау;
Коршаған кеңістікті бағдарлау жұмысын жүргізу барысында онтогенезде кеңістікті қабылдау және түсінігін ескеру қажет.
Алдымен бала оң-сол қолын білуі қажет, соның негізінде дене мүшелерінің оң солын айыра бастайды.


Көріп талдау және жинақтауын дамыту
Бұл бағыттағы жұмыс кеңістікті бағдарлауын, әсіресе әріптің графикалық элементтерінің кеңістікте орналасуы, әріптердің ұқсас және айырмашылығын анықтаумен тығыз байланыста жүргізіледі.


Баланың сукцессивті қабілетін дамыту
Сукцессивті қабілеттін дамытуға арналған жаттығулар қимыл, кеңістік, уақыт, сөйлеу кезектілігін есте сақтап, жоспарлап іс жүзінде іске асыруға бағытталады.


Фонетикалық деңгейдегі түзету жұмысы
Фонетикалық деңгейдегі жұмыс екі бағытта жүргізіледі:

  • сөздің дыбыстық құрамын талдау (жай түрінен күрделіге қарай)

  • фонетикалық қабылдауын, яғни ұқсас фонемаларды ажырату.

Балалардың фонематикалық түсінігі (қабілеті) фонемалардың әр түрлі нұсқаларын бақылап, оларды өз ара салыстырып, талдап, қортындылау нәтижесінде қалыптасады. Фонематикалық түсінігінің қалыптасуына артикуляциялық кинестезияның маңызы зор. Сондықтан артикуляциялық аппараттың жұмысына алғашқы сабақтан бастап балалардың зейінін, көңілін аудару керек. Сабақтың бастапқы кезеңінде алдыңғы қатардағы дауысты дыбыстар және айтылуы сирек бұзылатын дауыссыз дыбыстар (П,М,Н,Ф,Т,К ...) өтіледі. Бұл кезеңде артикуляцияның сиппаттамасына терең тоқталмай, оның негізгі белгілеріге ғана тоқталған жөн.
Дыбыстарды ажыратуын анықтау, бекітуге бағытталған логопедиялық
жұмыс әр түрлі анализаторға (сөйлеу, есту, қимыл, көру т.б.) сүйене отырып жүргізіледі.
Шатастыратын дыбыстарды ажырату жұмысы екі кезеңнен тұрады:

  • алғашқы кезең;

  • шатастыратын дыбыстарды естігенде айтқанда ажырату.

Бірінші кезеңде шатастыратын дыбыстардың әрқайсысының айтылуы мен естілуі жеке анықталады. Ол жұмыс мынандай кезектілікпен жүргізіледі: көру, есту, сезіну анализаторларына сүйене отырып дыбыстық артикуляциясы мен дыбысталуын анықтау; оның буындағы орнын анықтау; сөздегі орнын анықтау (сөздің басында, ортасында, аяғында); сөздегі дыбысты, оның орнын анықтау; қандай дыбыстың алдында, қандай дыбыстан кейін естілуін анықтау; дыбыстың сөйлемдегі, текстегі орнын анықтау.
Екінші кезең шатастыратын дыбыстарды қатар айтылуы мен естілуін салыстыру. Ажырату жұмысы жоғарыда көрсетілген кезектілікпен жүргізіледі. Бірақ негізгі жұмыстың мақсаты ажырату болғандықтан сөздік материалдар шатасатын дыбыстарды бірдей қамту керек. Түзету жұмыс барысында дыбыстарды ажыратуын бекітетін жазбаша жаттығулар ерекше орын алады. Дисграфияны түзету жұмысының алдында міндетті түрде дыбыс айту кемшіліктерін түзету қажет.
Әдетте дыбыс айтуын түзету жеке логопедиялық сабақ барысында жүргізіледі, содан скейін дисграфия тобының сабағына қатысады. Түзету жұмысының барлық кезеңінде балалардың танымдық процестерін, сөз қорын, грамматикалық құрылымын дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қарастырылады.


Акустикалық -- артикуляциялық ұқсас дыбыстарды ажырату
Бұл бағыттағы жұмысты алдымен ұқсас дауысты дыбыстардан бастап, содан кейін ұқсас дауыссыз (қатаң, ұяң) дыбыстармен жалғастыру керек. Жұмыс барысында кейбір төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады.


Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату
Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату жұмысы сурет, геометриялық фигура, музыкалармен іс- әрекет жасай отырып көріп қабылдауын, кеңістікті бағдарлауын анықтаудан басталады.
Жұмыс барысында бейнелер мен әріптердің құрылымын, олардың ұқсас және айырмашылығын көріп талдауын, жинақтауын дамытуға бағытталған жаттығулар кең пайдаланды. Бұл бағыттағы қолданылатын барлық жаттығулардың негізгі мақсаты фонема - артикулема – графема- кинеманың арасындағы байланысты бекіту. Дұрыстығын бақылау үшін барлық төрт анализатор іске қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет