1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің



бет10/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
28-бап. Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің 
туындауы 
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды. 
29-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі 
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. 
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауда ерікті. 
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. 
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті. 
30-бап. Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы 
1. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. 
Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. 
2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. 
3. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы. 
7-тарау. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен 
міндеттері 
1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі 
31-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы 
1. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. 
2. Ерлі-зайыптылардың шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет