1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға



бет7/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

19-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға 
келісім болмаған жағдайда некені сот 
тәртібімен бұзу 
1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. 
2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі- зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. 
Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені бұзуды талап етсе, неке бұзылады. 
20-бап. Өзге де негіздер бойынша некені сот тәртібімен 
бұзу 
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында аталған ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі болған жағдайда сот некені айырылысу себептерін анықтамай-ақ бұзады. 
2. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі. 
3. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 2-тармағында аталғанынан кемірек мерзім белгілеуі мүмкін. 
21-бап. Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде сот 
шешетін мәселелер 
1. Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылар соттың қарауына кәмелетке толмаған балалар өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады. 
2. Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың 1-тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзатындығы анықталса, сот: 
1) неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауға; 
2) балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге
3) ерлі-зайыптылардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге; 
4) екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражатының мөлшерін айқындауға міндетті. 
3. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет