1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



бет6/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

15-бап. Некені бұзу 
1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. 
2. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды. 
16-бап. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында 
некені бұзу 
1. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. 
2. Ерлі-зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін: 
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; 
3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады. 
3. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленгентәртіппен жүргізеді. 
17-бап. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында 
некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың 
арасында туындайтын дауларды қарау 
Некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын даулар азаматтық хал актілерін жазу органдарында сот тәртібімен қаралады. 
18-бап. Некені сот тәртібімен бұзу 
Некені сот тәртібімен бұзу: 
1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы; 
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде; 
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса; 
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет