1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



бет35/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

анықтау және есепке алу 
1. Осы Заңның 100-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәліметтер бар мекемелердің (мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар, емдеу және басқа да мекемелердің) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті. 
Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәліметтер алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. 
2. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары, баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкін екендігі белгілі болған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. 
3. Қорғаншы және қамқоршы орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мәліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді (осы Заңның 102-бабы) және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкіндігі болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшін және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшін осындай бала туралы мәліметті тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің білім беру басқармасының органына жібереді. 
Балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін, сондай-ақ бала туралы көпе-көрнеу жалған мәліметтер бергені үшін лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. 
Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет