1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың



бет39/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

109-бап. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың 
құқықтары 
1. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған адамдардың: 
1) өздерінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне; 
2) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге; 
3) осы Заңның 112-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға; 
4) өздеріне тиесілі алименттерін, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға; 
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға; 
6) қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға құқығы бар. 
2. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар осы баптың 1-тармағында келтірілген құқықтардан басқа: 
1) қорғаншының (қамқоршының) отбасында тәрбиелену; 
2) оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты дамытуы үшін жағдайлардың қамтамасыз етілу; 
3) тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алу құқықтарына да; 
4) осы заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға ие болады. 
110-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие және 
емдеу мекемелеріндегі балалардың құқықтары 
1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тәрбие, емдеу және басқа да мекемелеріндегі балалардың: 
1) асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне; 
2) өздеріне тиесілі алименттерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға; 
3) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй -заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алу құқығына ие болуға; 
4) аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие болуға құқығы бар. 
2. Қорғаншы және қамқоршы органдар осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұрып жатқан балаларды асырау, тәрбиелеу, оларға білім беру жағдайларын бақылауды жүзеге асырады. 
3. Осы мекемелер түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. 
4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және осы баптың 1-тармағында аталған мекемелерде тұратын балалар осы Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады. 
Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15 N 253 Заңымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет