1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылыққа алу



бет42/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

113-бап. Әрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылыққа алу 
1. Денсаулық жағдайы бойынша өз құқығын жүзеге асырып, қорғай алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның өтініші бойынша оған қамқоршылық белгіленуі мүмкін. 
2. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін. 
3. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. 
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады. 
4. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамды қамқорлыққа алу осы адамның талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін. 
Қамқоршылыққа алынған адамның қамқоршысы осы Заңның 115-бабында көзделген жағдайларда өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан босатылады. 
114-бап. Қамқоршылыққа алынушының мүлкіне билік ету 
1. Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік етуге құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды. 
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығыстар жасауға құқылы. 
2. Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға немесе оның атынан кепіл болу шартын жасасуға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілге беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаншы және қамқоршы орган белгілейді. 
Қамқоршылыққа алынушының мүлкін басқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 
3. Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ. 
Қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалмастан бұрын туындаған қамқоршылыққа алынушының қорғаншысына (қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары қорғаншы және қамқоршы органның рұқсатымен төленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет