12-бап. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру 1. Некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді. V095873 2. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
13-бап. Некеге тұру тәртібі 1. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.
Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.
Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді.
2. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін.
Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін.
3. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленгентәртіппен жүргізіледі.
4. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.
4-тарау. Некені тоқтату
14-бап. Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы 1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады.
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін.
3. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.
Егер неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біреуіне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже қолданылмайды.