1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Ұжымды басқаруға қойылатын психологиялық талаптардың шешімін табыңыз (Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж Ұйымдық мінез-құлық негіздері) еңбегі бойынша



бет3/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

3. Ұжымды басқаруға қойылатын психологиялық талаптардың шешімін табыңыз (Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж Ұйымдық мінез-құлық негіздері) еңбегі бойынша Кітаптан нақты ештеңе таппадым
Ұйымдық мінез-құлық – жеке адамның, топтың және құрылымның ұйымдардағы мінез-құлыққа тигізетін әсерін зерттейтін және сол білімді ұйымның тиімділігін жақсартуға жұмсауды мақсат ететін зерттеу саласы. Бұл анықтаманы ә дегеннен түсіну қиын, енді осыны тарқатайық. Ұйымдық мінез-құлық – жалпы білім жүйесі бар, зерттеу нысаны айқындалған зерттеу саласы. Ол нақты нені зерттейді?
Ол ұйымдардағы мінез-құлықтың үш шешуші факторын зерттейді: жеке адам, топтар және құрылым. Сонымен қатар ұйымдық мінез-құлық жеке адамның, топтардың және құрылымның мінез-құлыққа ықпалы туралы білімді ұйымдардың жұмысын анағұрлым тиімді ету үшін қолданады. Анықтамамызды қорыта айтсақ, ұйымдық мінез-құлық – адамдардың ұйымдағы іс-әрекеттері мен олардың мінез-құлқы ұйымның өнімділігіне қалай әсер ететінін зерттеу. Ұйымдық мінез-құлық жұмыспен байланысты жағдайларға қатысты болғандықтан, мінез-құлықты жұмысқа қанағаттану, жұмысқа шықпай қалу, жұмыстан кету, өнімділік, адам әрекетінің нәтижелілігі және менеджмент тұрғысынан қарастырады. Дегенмен әрқайсының салыстырмалы түрде алғанда маңыздылығы туралы пікірталас та жоқ емес. Сонымен, ұйымдық мінез-құлық мынадай өзекті тақырыптарды қамтиды: • мотивация; • жетекшінің мінез-құлқы және билік; • тұлғааралық қатынас; • топ құрылымы және процестер; • қатынастардың дамуы және қабылдау; • өзгеріс процестері; • конфликт және келіссөз; • жұмысты жобалау.
МЕНЕДЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР • Жалпылама қорытындылаудан аулақ болыңыз, олардың кейбірі адамның мінез-құлқы туралы дұрыс түсінік бергенімен, көбі қате. Адамды танып-білуге, жағдайды дұрыс бағалауға ұмтылыңыз. • Себеп-салдар байланысын түсіндіру үшін болжамдарды емес, көрсеткіштерді пайдаланыңыз. Табыстылық – ұйымның өз мақсаттарына ең аз шығынмен жету деңгейі. Ұйымның өміршеңдігі – ұйымның ұзақ уақыт бойы сақталып, өркендеуінің қарапайым көрсеткіші. Өнімділік – ұйымның тиімділігі мен нәтижелілігінің үйлесуі. Тиімділік – ұйымның клиент немесе сатып алушы қажеттіліктерін өтеу деңгейі. • Жетекшілік әлеуетіңізді көтеру үшін тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларыңызды көтеріңіз. • Ұйымдық мінез-құлық трендтері, Big Data тақырыптары бойынша курстардан өтіп, техникалық және ой тұжырымдау дағдыларыңызды жетілдіріңіз. • Ұйымдық мінез-құлық қызметкерлеріңізге өкілеттік беру, өзгеріс бағдарламаларын жобалау және іске асыру, клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту жолдарын көрсету арқылы қызметкерлеріңіздің жұмыс сапасы мен өнімділігін арттырып, жұмысындағы, жеке өміріндегі кикілжіңдерін реттеуге көмектесе алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет