1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Қарым-қатынас кезіндегі арақашықтықты дәлелдеңіз



бет6/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
6. Қарым-қатынас кезіндегі арақашықтықты дәлелдеңіз
Адамдар қарым-қатынас барысында өзара түсінісіп, ақпарат алысып қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, қимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын анықтайды. Бұл әрекетке бір сәтте көп адамдардың қатынасуы әркімнің өз үлесін қосуын талап етеді.
Жетекші мен қарамағындағылар арасындағы арақашықтық айқын болуға тиіс, бірақ тым аз немесе тым үлкен арақашықтық тиімділігі әлдеқайда төмен (С. Грин және Т. Митчелл). Р. Лорд пен Д. Филипс келесіні анықтады: қарамағындағылар басқару әсерлерінің мазмұнын емес, жиілігін бәрінен жақсы қабылдайды. Осы байқалу бойынша олар жетекшіліктің стилі мен сапасын бағалайды. Басқару әсерлердің басқа жақтарының барлығы екінші және одан кейінгі орындарда болады. Бұл – экспектация (қарамағындағылардың күткенімен сәйкестік) жетекшінің заңнамалық және әлеуметтік нормаларды сақтауы. Қазіргі кезде Д. Надлер мен Дж. Хакманның «биліктер балансы» теориясы деп аталатын тұжырымдамасы ең танымал болып табылады. Оның негізгі тезисі – билік екі жақты құбылыс болып табылады. Жетекшілік стилі – жетекші мен қарамағындағылардың қарама-қарсы ықпалдарының өзара іс-әрекет өнімі. Осы екі биліктің балансы (тепе-теңдігі) жетекшінің басқару стилін таңдауын анықтайды. Басқарудың авторитарлық стилі мен әдістері баланс жетекші билігі жағына қарай ауғанда үстем болады, ал баланс қарамағындағылар билігі жағына ауғанда, жетекші демократиялық стильді қолдануға мәжбүр болады [33, 34].
Әдеп бойынша сөйлесуде тыңдаушы мен серіктесініңбен арақашықтықты сақтау маңызды. Қалыпты дистанциядан ауытқу, алшақтау байланысты қиындатып, сөйлеушінің өзін жоғары ұстауын аңғартады. Әңгіме барысында дистанцияның тартылуынан байланыс пен сенім беки түседі. Көпшілік алдында тым жақын тұрып байланыс жасау міндетті емес. Мысалы, ресми жағдайда дистанция 4м (жиналыс, мәжіліс т.б.).
Адам екінші адамға қаншалықты арақашықтыққа жақындай алады? Батыс мәдениеті мен қазіргі күнде шығыс мәдениетінде де қабылданған нормалар төмендегідей.
0 – 45см – жақындық арақашықтық (ғашықтар, достар, туыстар);
45 - 120 – тұлғалық арақашықтық (әріптестер, таныстар);
120 - 400 – әлеуметтік арақашықтық, (мұғалім мен оқушы, сатушы мен алушы);
400 - 750 – қоғамдық арақашықтық (шешендер, лекторлар және тыңдаушылар).
Осы нормалардың ескерілмеуі салдарынан адамдардың бір бірін түсінісуіне кедергі туады. Мысалы, бейтаныс адамға тым жақын келу әдепсіздікке жатқызсса, керісінше, анасы баласымен, бауырымен, туысымызбен, досымызбен алыстан сөйлессек – бұл салқынқанды қатынастардың белгісі ретінде түсініледі.
Әлеуметтік ара қашықтық - 1,2-4 метрмен анықталады. Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді. Көпшілік ара қашықтық 3,5 - 7,5 метрге дейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы.
Жалпы адамаралық арақашықтық пен кеңістіктегі орындарына байланысты түрлі психологиялық құбылыстарға жол ашады. Мысалы, "аурухана палатасы", "вагон купесі" хронотропары. Бір купедегі пассажирлер, бір палатадағы аурулар тар кеңістікте бір уақытта тығыз байланыста болғандықтан, ешкімге айтпаған жан сырларын біріне-бірі ақтарып салатыны өте қызық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет