1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы



бет5/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
4. Өкілеттілік функциясы. Басқарушы –сыртқы әлеуметтік ортада топтың өкілі ретінде қабылдайды. Кеңестерде, конференцияларда топтың барлық мүшелерінің атынан сөз сөйлейді, оның жүріс –тұрысына қарап, топқа сипаттама беріледі. Сондықтан басқарушының жүріс-тұрысы жоғары қоғамдық жүріс –тұрыс стандарттарына сай болуы қажет. Оның мәдени қарым –қатынас әдеттері, мимика мен пантомимикасы, сөйлеу мәдениеті қоғамдық талап деңгейінде болуы керек. Сонымен қатар, өзінің келбеті мен жасын ескеріп, дұрыс киіне білуі қажет. Басқарушы топтың абыройын, ақыл –ойы мен еркін білдіретінін есінен шығармауы керек.
5. Стратегиялық функциялар. Олар мақсаттардың қойылуы мен оған жетудегі әдістерді таңдаумен байланысты. Осы функциялардың жүзеге асырылуы басқарушыға шығармашылық мүмкіндігін, тапқырлығын, ұстамдылығын, жаңа идеяларды табу қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Стратегиялық функцияның құрылымына болжам жасау қабілеті, яғни қорытынды нәтежені болжай білу кіреді. Сонымен қатар, басқарушы өзінің есінде кәсіби ақпараттың үлкен көлемін сақтауы керек.
Егер басқару қызметтері жүйесінің негізіне бірнеше белгілер қоятын болса, онда қиындықтарды жеңуге болады. Бұл белгілер жетекші іс-әрекетінің мазмұнымен анықталады және «басқару еңбегінің негізгі өлшеулері» ұғымымен сипатталады (мұндағы «өлшеу» ұғымы Г. Юкл қолданған тәсілдегі оның мәнімен сәйкес емес). Басқару қызметтері төрт санатты топ бойынша жіктеледі:
Бірінші топ – әрекеттік-әкімшілік қызметтер.
Екінші топ – кадрлық қызметтер.
Үшінші топ – өндірістік-технологиялық қызметтер.
Төртінші топ – туындылық (синтетикалық) қызметтер (интеграциялық, стратегиялық, өкілеттілік, кеңестік, т.б.).
Бұл қызметтердің әрқайсысы жүзеге асырудың екі: жетекшінің оларды жүзеге асыру жөніндегі жеке және жалпы ұйымдастырушылық (басқарылатын ұйымның өзге де құрылымдарын қосу) жоспарынан тұрады. Әр қызметті басқару оның жеке және жалпы ұйымдастырушылық жақтарын өзіне қосуға тиіс.
Жоспарлау; ұйымдастыру; бақылау; мотивация туралы жазуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет