1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Басқару психологиясының негізгі ұғымдарын табыңыз



бет4/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

4. Басқару психологиясының негізгі ұғымдарын табыңыз
Басқару, менеджмент, менедждер, жетекші, басшы, қызметкер, көшбасшы, кәсіпкерлік, ұйым, ұжымдық мінез-құлық, іскерлік қарым-қатынас
5. Басқарушының кәсіби негізгі қызметтерін талданыз
Басқару жұмысындағы негізгі тұлға – басшы. Басшы өзіне тапсырылған жұмысты іске асыру үшін белгілі қызметтерді атқарады.
Олар:
1. Әкімшілік –ұйымдастырушылық функциялар. Басқарушы өзінің ресми берілген құқықтары мен міндеттеріне сәйкес қызметкерлер арқасындағы міндеттерді реттейді, тапсырмалардың орындалуын бақылайды, нәтижені бағалайды және қызметкерлердің іс -әрекетіне жауапты болады.
2. Коммуникативтік функциялар. Басқарушы маңызды ақпараттың қайнар көзі болып табылады. Бұл ақпарат топпен және оның бөлек мүшелерімен қарым-қатынас кезінде жеткізіледі. Коммуникативтілік, адамдармен қарым -қатынас жасай алу –басқарушының маңызды қасиеттері.
3.Тәрбиелеу функциялары. Шешімдерді қабылдағанда және ұжымның алдына қойылған мақсаттарға жетуге бағыттағанда басқарушы өзіне бағынушылардың тұлғасын қалыптастыруда тәрбиелеу эффектісін қамтамасыз етеді. Басшы оларды өзінің іске деген қатынасымен, кәсіби біліктілігімен, жеке басының үлгі өнегесімен тәрбиелейді, қажетіне қарай оқытады. Тәрбиелеу функциясы ынталандыру және жазалау әдістерінен тұрады.Басқарушының міндетіне, сонымен қатар, қызыметкерлерде адекватты кәсіби мотивацияны қалыптастыру кіреді. Бұрынғы заманда басқарушылар мотивацияны қалыптастыруда көбінесе ақша түрінде қорқытуды немесе марапаттаудықолданды. Мәдени деңгейі көтерілген сайын адамдарды одан да жақсы жұмыс істеуге ақша ғана ынталандырмайды. Өйткені олар үшін жұмысқа қызығушылық, шешілетін тапсырмалардың мәнін түсіну, қарым –қатынас, өзара түсіністік, адамгершілік мәселелері маңызды орын алады. Сондықтан басқарушы бағынушылардың қажеттіліктерін анықтап, сол қажеттіліктерді қанағаттандыратын жағдайларды қарастырып, шешуі тиіс.Тәрбиелеу функциясына психотерапевтік функциясын да жатқызуға болады. Басқарушы өзінің қызметкерлерінің эмоционалды жағдайларын ескеруі және стрестік жағдайлардың алдын алуды ойластыруы қажет. Басқарудың эмоциалық жағы ұжымның іс -әрекеті мен психологиялық климатына едәуір деңгейде әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет