1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Имидж қалыптастыру қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде табыңыз



бет47/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
46. Имидж қалыптастыру қарым-қатынастағы мәдениет негізі ретінде табыңыз.
Имидж – бұл ұйым бет-бейнесі, сондай-ақ қоғамдағы әр түрлі топтар алдына берілетін тауар мен қызмет бет-бейнесі. Осылайша, ұжымдық имидж артында ұйым жайын «таныстытыру» жағдайы түсіндіріледі. Бұл түсінік тұтынушылар, іскер серіктестер, бәсекелестерде қалыптасады және қалыптасқан бұл түсінік ұйымның нарықтағы орнын, сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын анықтайды.
Мамандардың бекітуі бойынша, имидждің негізгі қызметі, яки функциясы белгілі бір жанды-жансыз нәрсеге салмақты қарым-қатынастың қалыптасуы болып табылады. Жағымды имидж ұйымның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Егер салмақты қарым-қатынас қалыптасқан болса, онда артынан серіктес сенімі міндетті түрде жалғасын табады, сондай-ақ өз кезегімен жоғары баға мен сенімді таңдау да бірге жүреді.
«Ұжымдық имидж» түсінігіне «компания бренді» ұғымы мағыналас. Оларды ұқсастыратын, байланыстыратын нәрсе: екеуі де қоршаған адамдар түсінігінде қалыптасатын айтылмыш компанияның сауда белгісі мен қызмет сапасы, жетекшілігі менқызметкерлері жайындағы ойлар негізіндегі эмоционалды әсерге бойлайды.
Көпшілік ғалымдар имиджді тағы бір оған мағыналас ұғым – «беделге» де бөліп қарастырады. Адамдағынемесе ұйымдағы жағымды да мақұлданатын бет-бейнетеріс әсер де беруі мүмкін. Ұйымның ұжымдық имиджі оның қоғамға қабылдануымен байланысты: не болмаса, өзіндік, яки сенімге лайық ұйым ретінде қабылданады, не болмаса, мүлдем қабылданбайды. Бедел ұғымы аясынан шынайы істер негізіне жататын құрамдас мәліметтер көреміз. Ол бағаның христиандық қағидасына негізделген: «ісіне қарап таны», яғни шынайылық жөніндегі ұсынылмас деректер құрамы - компанияның шынайы бет-бейнесі (бұл ретте мынадай түсінік те қатар жүреді: шынайы істер айтылмыш компания жөніндегі кез-келген таныстыруларға түзету енгізу күшіне ие). Басқаша айтқанда, имиджге компанияның өзін қалай таныстыруы мен сезінуі кірсе, бедел түсінігіне компанияны тұтынушы, яки клиент көзқарасы жатады
Имидж өте айбық, яки қырсық, себебі адамдардың субъективті қабылдауының нәтижесі болып табылады. Саясатта мынадай оқиғалар бар: сайлауға дейінгі бір түнде сәтсіз теледебаттар әсерінен кандидат жайындағы пікір өзгеріп жатады. Жаңа мәліметтер, жаңа әсерлер және эмоциялар имиджді мәңгілік өзгертіп жіберуі мүмкін. Компанияға қатысты бұл факторлар, мысалыға, компания қызметкерлері немесе өнімі жайында жағымсыз фактілер қалыптастыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет