1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы



бет49/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

3. Басты іске баса мән беріңіз
Үшінші дағды - екінші туынды, яки физикалық туынды десек болады. Бұл - бірінші және екінші дағдының жүзеге асуы, орындалуы немесе табиғи салдары; Бұл - мінезінің түпнегізінде айнымас принциптер жатқан адам болу мақсатында тәуелсіз жігерді жаттықтыруға ұмтылыс; осы ниетті үнемі минут сайын, күн сайын жүзеге асыру.
Бірінші және екінші дағды - үшінші дағдыны дамытудың міндетті алғышарты. Әуелі жеке проактивтілігіңізді дамытпай, өз парадигмаларыңызды анықтап алмай және оларды қалай өзгертуге және қағидаларға қалай сәйкестендіруге болатынын толық түйсініп алмай, принциптерге бағдарланған түлға болу мүмкін емес. Тек сіздің ғана маңдайыңызға жазылған өмірге қосар теңдессіз үлесіңіз бар екенін терең ойламай, ондай тұлға бола алмайсыз.
4. «Ұттым/Ұттым» күйінде ойлау
«Ұттым/Ұттым» - адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу жағдайында
пайда табуға бағытталған жүрек пен ақылдың ерекше күйі. «Ұттым/Ұттым» екі жаққа тиімді, екі жақты да қанағаттандыратын барлық уағдаластықтар мен шешімдерді білдіреді. «Ұттым/Ұттым» типті шешім қабылдағанда екі жақ та риза, іс-әрекет жоспарын жақтаушы болады. Өмір «Ұттым/Ұттым» нұсқауын- дағы адамдарға бәсеке емес, ынтымақтастық алаңы ретінде көрінеді. Көбінесе, біз: күшті - әлсіз, бірбеткей - жігерсіз, жеңіс - жеңіліс деген секілді қара- ма-қарсы бағалауға бейім келеміз. Бірақ бұлай ойлау теріс. Ол принциптерге емес, билікке және атқарып жүрген лауазымға негізделген. «Ұттым/Ұттым» нүсқауының өзі барлығына да жетеді, ал бір адамның жетістігі басқалар есебінен қол жеткізілмеуі керек және басқаны табыстан айыруға болмайды деген парадигмаға негізделген. «Ұттым/Ұттым» нұсқауы - бұл үшінші баламаның бар екендігіне деген сенім. Бұл менің де, сенің де шешімің емес, бұл одан да жоғары деңгейдегі ең жақсы шешім.
5. Әуелі түсінуге, содан кейін түсінікті болуға ұмтылыңыз
«Әуелі түсінуге үмтылыңыз» принципі парадигманың ауытқуымен тығыз байланысты. Әдетте, ең алдымен, өзгелер бізді түсінгенін қалаймыз. Адамдар бізді түсіну ниетімен тыңдамайды, тезірек жауап беру үшін тыңдайды. Олар қабаттасып сөйлейді немесе сөйлеуге оқталып тұрады. Олар барлығын өз парадигмасы елегінен өткізеді, өзге адамдардың өмірінен өз өмірбаянын ғана оқиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет