Нұсқау.Басшы бағыныштыларға жұмыс барысын түсіндіріп, тапсырма беріп оларды қадағалап отырады.
Бөлу. Басшы бір жағынан жұмысқа ынталы, нұсқаулар мен жұмысты атқару барысын өзі түсіндіреді. Бір жағынан ол осы жұмыстарға бағыныштыларды да араластыруды көздейді.
Басқаруға ерік беру.Басшы қоластындағыларға ерік беріп, шешім қабылдауына көмектеседі.
Өкілеттілік беру. Басшы өзінің тікелей міндеттерін жұмысшылардың кейбіріне бөліп беріп, өзі қадағалаушы ретінде жұмыс атқарады.
45. Басқарушы тұлғасын Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж «Ұйымдық мінез-құлық негіздері» еңбегі бойынша түсіндіріңіз. Ұлы жетекші дегеніміз кім? Жалпы жетекшілікке келгенде адамдармен араласқанды ұнататын, өзін көрсете алатын (экстраверт), тәртіпсүйгіш әрі мойнына алған міндеттемелерін орындай алатын (адал), креатив әрі икемді (ашық) жеке тұлғалардың бәсі анық жоғары.
Эмоциялық интеллект және жетекшілік. Тиімді жетекшілікті көрсететін қасиеттердің бірі - эмоциялық интеллект. Эмоциялық интеллектінің басты құрамдас бөлігі - эмпатия. Жанашыр жетекшілер қарамағындағылардың қажеттіктерін сезініп, айтатынын (айтпайтынын) тыңдап және реакцияларын оқи алады. Эмоциясын ұтымды шығарып, басқара алатын жетекшілер қарамағындағылардың сезіміне оң ықпал етіп, жұмысына шынайы сүйіспеншілік танытып, жұмысқа құлшынысын арттыра алады, сондай-ақ қызметкерлер өнімді жұмыс істеуде сәтсіздікке ұшырағанда қынжылысын да жасырып қалмайды. Эмоциялық интеллект пен жетекшілік тиімділігі арасындағы байланыс әлі де тыңғылықты зерттеу жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ зерттеулер эмоциялық интеллекті жоғары адамдар тіпті танымдық қабілеті мен тұлғалық ерекшелігін есепке алғанның өзінде тиімді жетекшіге айналуға бейім екенін көр- сетті
Бастамашылық қабілет.Бастамашылық қабілет - жетекшінің мақсатқа жетудегі ізденіс жолында өзінің және қызметкерлерінің рөлін анықтап және құрылымдай алатын деңгей. Бұған жұмысты, жұмыстағы қарым-қатынастарды және мақсаттарды ұйымдастыруға бағытталған мінез-құлық жатады. Бастамашылық қабілеті жоғары жетекші - қарамағындағыларға тапсырмалар беретін, өнімділіктің белгілі стандарттарын белгілейтін және кесімді мерзімдерді қадағалайтын адам.
Ілтипат - адамның жұмыстағы қарым-қатынасы өзара сенім, қызметкерлердің идеяларын құрметтеу және сезімін бағалау арқылы сипатталатын деңгей. Ілтипаты жоғары жетекші жеке проблемалары бар қызметкерлерге көмектеседі, жылышырайлы және ақкөңіл, барлық қызметкерлерге тең қарайды, оларды бағалайды және қолдайды. Көбіміз ілтипатты жетекшімен жұмыс істегіміз келеді, сауалнамаға қатысқан АҚШ қызметкерлерінен жұмыста оларға ең күшті мотивация беретін не деп сұрағанда, олардың 66 пайызы бағалауды атаған.12 Шынында, бір шолу ілтипаты жоғары жетекшілердің қарамағындағылардың жұмысқа қанағаттануы мен мотивациясы және жетекшісіне деген сый-құрметі жоғары болғанын анықтады.
Мәдени айырмашылықтар
Мінез-құлық теориялары бойынша жүргізілген тестілердің әртүрлі нәтижелері бағыныштылардың артықшылықтарына, әсіресе мәдени артықшылықтарына тиесілі. 4-тарауда талқыланған GLOBE бағдарламасының 62 елдегі 825 ұйымның 18 мың жетекшісіне жүргізген зерттеуі бастамашылық қабілет пен ілтипат артықшылығында халықаралық өзгешеліктер болатынын көрсетті.13 Зерттеу нәтижесінде ілтипаты жоғары жетекшілер мәдени құндылықтар біржақты шешім қабылдауға ықпалетпейтін Бразилия сияқты елдерде жақсы жетістікке жеткенін анықтады. Бұл жайында бразилиялық менеджер былай дейді: «Біз өз бетінше шешім қабылдап, топтың қатысуынсыз жеке әрекет ететін жетекшілерді жақтырмаймыз. Бұл - біздің ерекшелігіміз». Сондықтан тиімді болу үшін Бразилиядағы команданы басқаратын америкалық менеджердің ілтипаты жоғары, командаға көңіл аударатын, көпшіл және адамгершілігі мол болуы керек. Керісінше, француз жетекшілерінде бюрократтық көзқарастар басым, сондай-ақ олар адамгершілік пен ілтипатқа сараң келеді. Бастамашылық қабілеті жоғары (тапсырмаға мән беретін) жетекші онда табысқа жетуі мүмкін және шешімдерді автократиялық әдіспен қабылдай алады. Ілтипаты жоғары (адамдарға мән беретін) менеджер Францияда қарсылыққа тап болуы мүмкін. Басқа елдерде екі өлшем де маңызды болуы ықтимал, мысалы қытай мәдениетінде сыпайы, ілтипатты және риясыз болуға айрықша мән беріледі, бірақ онда өнімділік бағдары да жоғары.