1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Қарым-қатынас кезіндегі сенімділік және оны қалыптастыру жолдарын талдаңыз



бет53/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

50. Қарым-қатынас кезіндегі сенімділік және оны қалыптастыру жолдарын талдаңыз.
Сенім – адамның «бәрі жақсы болады» деген ниетпен осал тұстарын басқа адамға жайып салғанда пайда болатын психологиялық күйі. Адам жағдайға толық бақылау жасамаса да, басқа адамға өз жүгін арқалауға мүмкіндік беруді қалап тұрады. Жетекшіге сенетін бағыныштылар өз құқықтары мен мүддесіне қиянат жасалмайтынына сенімді.Трансформациялық жетекшілерге бағыныштылары үлкен сенім артады, бұл, өз кезегінде, команданың өзіне деген сенімін нығайтып, нәтижесінде оның өнімділігін арттырады. Сенім – жетекшілікпен байланысы бар басты қасиет, оған нұқсан келсе, топтың өнімділігіне кесірі тиюі мүмкін.
СЕНІМ НӘТИЖЕЛЕРІ. Басшы мен қызметкерлер арасындағы сенімнің көптеген артықшылығы бар. Солардың кейбіріне тоқталайық: 
• Сенім тәуекелге баруды қолдайды. Қызметкерлер істі атқарудың қалыпты жолынан ауытқуға немесе басшыларының сөздерін жаңа бағытқа бұруға бел буғанда, тәуекелге барады. Екі жағдайда да сенімге негізделген қарым-қатынас күрт өзгеріс жасауды жеңілдетеді.
• Сенім ақпарат бөлісуді жеңілдетеді. Менеджерлер өз идеяларын қызметкерлерімен бөлісіп, өзгеріс жасауға кіріскенде, қызметкерлер ойындағысын түгел айтуға құлықты болады.
• Сенім орнаған топтардың тиімділігі жоғары. Жетекші топта сенімнің салтанат құруына қолайлы жағдай жасаса, топ мүшелері бір-біріне көмектесуге және сенімді нығайтуға барын салуға дайын тұрады.
• Сенім өнімділікті арттырады. Басшыларына сенетін қызметкерлер өнімділіктің жоғары көрсеткішіне ие болады, бұл өнімділікті одан сайын арттыра түседі.
СЕНІМДІ НЫҒАЙТУ. Жетекшіге сенім артуға қандай басты сипаттар негіз болады? Мәліметтер үш сипатты айқындап берді: турашылдық, тілектестік және қабілет.  
Турашылдық адалдық пен шыншылдықты қамтиды. 570 ақ жағалыға жетекшілікке қатысы бар 28 қасиеттен тұратын тізім берілгенде, адалдықты ең маңыздысы ретінде көрсеткен. Турашылдық адамның ісі мен сөзі бір жерден шығуын білдіреді.
Тілектестік сенім жүктелген адамның өз мүддесі өзгелердің мүддесімен қабыспаса да, оған шын жүрегімен ниеттестік танытуын білдіреді. Қамқорлық жасау, қолдау көрсету мінез-құлқы – жетекшілер мен бағыныштылар арасындағы эмоциялық байланыстың бір бөлігі. Қабілет жеке тұлғаның техникалық және тұлғааралық білімі мен дағдыларын қамтиды. Адам өзге біреудің қабілетіне сенбесе, тіпті ол өте принципшіл әрі ниеті түзу адам болса да, оған тәуелді болуы екіталай.
СЕНІМ АРТУҒА БЕЙІМДІК Сенім артуға бейімдік нақты бір қызметкердің жетекшіге қаншалықты сенетінін білдіреді. Кейбір . адамдар өзгелерге сенім білдіруге болады деп сенуге бейім.88 Сенім артуға бейімдік ымыраға тез келетін тұлғаға тән, ал өзін-өзі құрметтеуі төмен адамдар басқаларға аса сене қоймайды.
СЕНІМГЕ ҚАЙТА ИЕ БОЛУ. Өзін сенім білдіруге лайық емес жетекші ретінде көрсетіп, қызметкерлермен арадағы психологиялық  байланысты бұзған менеджерлер қызметкерлердің қанағаттануын төмендетіп, оларды тартыншақ, жұмыстан кетуге бейім, ұйымдықазаматтық мінез-құлыққа қатыспайтын, тапсырманы орындауда құлықсыз етеді. Қызметкерлерінің сенімін ақтамайтын жетекшілер негізі жетекші мен қарамағындағылардың алмасуы деңгейін бірден төмендетіп алса, қызметкерлерінен теріс баға алады. Жоғалған сенімді қайта қалпына келтіруге болады, бірақ бұл тек нақты жағдайларда ғана мүмкін және сенімге селкеу түсірген не екеніне де байланысты. Себеп қабілет жоғында болса, әдетте мұның жарасы жеңіл, кешірім сұрап, «былай істеуім керек еді» деп мойындаған жөн. Проблема турашылдық жоғынан болса, кешірім сұрау жағдайды жақсартпайды. Қиянат жасап алып, ләм-мим демеу немесе кінәсін растау, я болмаса жоққа шығару сенімді қалпына келтірмейтіні анық. Кінәлі адамның тарапынан сенуге тұрарлық мінез-құлықтың дәйекті көріністерін байқағанда, сенімді қайта қалпына келтіруге болады. Ал кінәлі алдаған болса, қанша жерден кешірім сұрасын, уәдені үйіп-төксін немесе сендіру үшін түрлі іс-әрекеттер жасасын, сенім ешқашан толық қалпында орнына келмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет