15 билет Жер нарығы. Жерге сұраныс және ұсыныс. Жер рентасы. Жер бағасы.
Жер нарығы – сауда нарығына ұқсамайды, ол бір орында тұрмайды және бір орында тұруы да мүмкін емес және онда жер учаскелерінде көптеген операциялар жүргізіледі. Бұл – жердің халықтың экономикалық өмірінен тәуелсіздігімен және өзіндік ерекшелігімен түсіндіріледі. Жерді қолдан жасап алуға, өндіріп алуға болмайды, ол табиғи ресурс, халқымыздың қазынасы. Жердің тағы бір ерекшелігі – орнының тұрақтылығы. Жер учаскесінің бағасы орналасқан орнына тікелей байланысты. Оған қоса жер учаскесінің бағасына табиғи жағдай да әсер етеді: топырағы, межесі, бедері, қойнауы. Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер рентасы алынады. Оларға: 1)тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента; 2)құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады. Жер бағасы — капиталға айналған жер рентасы. Егер жердің адамзаттың мекені тұрғысынан қарасақ, жерге ешқандай баға жоқ. Жерсіз адам да, жан-жануар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды. Жерді жаратуға ешқандай да адам еңбегі шығындалмаған. Өздігінен адам еңбегінің нәтижесі бола алмайтындықтан жердің құны болмайды. Жеке меншік жағдайында жер тауар ретінде алып-сатылады, тауар айналысына енеді, яғни жер бағаланады. Жер бағасы, бір жағынан, рента мөлшерімен, екінші жағынан, қарыз процентімен белгіленеді. Жер бағасы рентаның көмегімен анықталады, ал жер рентасы жер иесінің оны пайдаланушыдан алатын табысының бір бөлігі, яғни арендалық төлемнің бөлігі.
Табыс және пайда ұғымдары.Экономикалық және бухгалтерлік пайда.
Пайда - бұл компанияның немесе кәсіпорынның қызметінен түскен жалпы кіріс шегерілген жалпы шығындар.
Кең мағынада пайда алынған қаржылық пайда (өндірілген тауарларды немесе қызметтерді сатудан түскен кіріс) мен жұмсалған шығындар (тауарлар мен қызметтерді сатып алу, өндіру, өткізу және жеткізу) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Пайда өндірістің тиімділігін және өнім сапасын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл бизнестің табыстылығының көрсеткіші, ол үшін барлық кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылады.