1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет32/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Жетілген бәсеке шарттары:
1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны нарықта өте көп болады.
2. Фирмалардың салаға кіруі және одан шығып кетуі еркін және ол ешқандай тосқауылдармен шектелмейді.
3. Әрбір жеке фирманың нарықтық үлесі соншалықты мардымсыз болғандықтан олардың әрқайсысы бағаға бақылау жасай алмайды.
4. Сатушылар да, сатып алушылар да нарықтың әрекет ету жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толық ие бола алады

  1. Төмендегі кестеде белгілі кезеңнің 1-ші және 5-ші жылдарындағы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылғандықтың көрсеткіштері берілген.




1-ші жыл

5-ші жыл

Жұмыс күші(ЖК)

84889

95453

Жұмыспен қамтамасыз етілгендер(ЖҚ)

80796

87524

Жұмыссыздар(ЖС)

4093

7929

Жұмыссыздық көлемі (%)(ЖСК)

21%

12%

Табу керек: 1-ші және 5-ші жылдағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық көлемін анықтаңдар.
ЖК-ЖҚ=ЖС 1ші: 84889-80796= 4093 5ші: 95453-87524=7929
ЖСК=ЖК/ЖС * 100%= 1 ші: 84889/4093 * 100= 21% 5ші: 95453/7929 * 100= 12%
20 билет

  1. Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу түсініктерінің байланысы. Қазақстандағы жекешелендіру және мемлекет меншігінен алу формалары мен жолдары.

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
1.Кіші жекешелендіру –еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
2.Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
3.Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1.1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
2.1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
3.1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
4.1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
— шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
— бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
— шағын және орта бизнесты дамыту;
— жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
— бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

  1. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс көлемін таңдау.

Нарықтық құрылымның және бәсекелестіктің әртүрлі жағдай-ларында жұмыс істейтін кез келген фирманың іс-әрекеті пайда табуға және оны арттыруға негізделеді. Ол мақсатқа жету үшін фирмалар оңтайлы баға мен өндірістің тиімді көлемін таңдауы қажет. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында өндірілетін тауарлардың әртүрлі болуына байланысты фирмалар бағанытағайындағандаоның өніміне деген сұраныс қисығымен әрдайым санасып отырады. Содан соң фирма пайдасын көтеретін өндірістің ең тиімді көлемін таңдауға ұмтылады

  1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3 ақша агрегаттарының көлемін анықтандар.




млрд.тг

Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар

1630

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

645

Чектік салымдар

448

Чексіз жинақтық салымдар

300

Қолда бар ақша

170

М1= қолда бар ақша + чектік салымдар=170 + 448 = 618 млрд. тг.
М2 = М1 + чексіз ж. с. + аз көлемді кысқа мерзімді с.= 618 + 300 + 1630 = 2548 млрд. тг.
М3 = М2 + көп көлемді қысқа мерзімді с.= 2548 + 645 = 3193 млрд. тг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет