жырлар/
«Құшақтасып көріскен,жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен» деп басталатын жыр түрі: /Наурыз жыры/
Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең- жырлар лирикалық жанрға жақын.
Тұрмыс –салт жырларының қатары: /Бата –тілек,жоқтау/
Бала дүниеге келгенде айтылатын салт өлең: / Шілдехана/
...Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым,- деген жолдар айтылатын өлең үлгісі : /бесік жыры/
Қаз-қаз балам,қаз балам:
Тақымыңды жаз балам. / Тұсаукесер жыры/
Этнограф- фольклорист ғалым А.В.Васильев тұрмыс –салт жырларының қай түріне қатысты пікір айтқан? / Бата/
Бата –қазақ поэзиясының ерекше түрі,онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан
ықылас,пейілі,ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады,- деген пікір иесі: /
А.Васильев/
Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып,тысқа семіз асау құнантайды көлденең ұстап
тұрып,қонақтардан не күтті? ( Бата «Абай жолы»)
Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін -деген : / Ас қайыру батасы/
Жамбылдың бата түріндегі туындысы: «Аттандыру»
«Елдестірмек елшіден,жауластырмақ жаушыдан.
Құсқа салған аңшымын.
Сізде қыз бар,бізде ұл бар,
Қызыңа келген жаушымын...» деген жолдар айтылатын жағдай: /Қыз айттыру/
«Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі тойыңыз тойға ұлассын!-деген: /Тойбастар жыры/
Тойбастар аяқталады: /Бата беріп,жақсы тілекпен/
Қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең: /Жар-жар/
Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлең түрі /Жар-жар/
Жар- жар: /Қыз тобы,жігіт тобы болып екіге бөлініп айтылады/
Жар-жардың көркемдік ерекшелігі құрылған: /Психологиялық параллелизмге/
Ұзатылатын қыздың ел-жұртымен қоштасарда элегиялық сарындағы өлең жыры: /Сыңсу/
«Алтын да менің босағам,
Аттап бір шығам ба деп едім?!-тармақтары қай жырдан /Сыңсу/
Сыңсу -/ Элегиялық өлеңге жатады/
Достарыңызбен бөлісу: |