1. Бронхообструктивті синдром. Жіктелуі. Амбулаторлық жағдайда жүргізу


Аллергиялық мәртебені (статустың) бағалау



бет10/10
Дата29.04.2022
өлшемі204,83 Kb.
#32769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Аллергиялық мәртебені (статустың) бағалау – БД себепті-маңызды және  тәуекел факторларын анықтайды. Негізгі диагностикалық әдіс аллергендермен тері сынамасы. Қан сарысуында арнайы IgE анықтау әдісі қолданылуы да мүмкін. Тесттердің оң көрсеткіші БД симптомдарымен және анамнез мәліметтерімен міндетті салыстырылуы тиіс.

Өршіту аллергенімен қоздыратын ингаляциялық сынамалар кәсіптік БД, спортшыларда, күрделі диагностикалық жағдайларда диагностикалау үшін қолданылады. ҮДШК1≥80% бастапқы көрсеткіші кезінде жүргізіледі. Өмірге қауіпті бронхоспазм қауіпінің алдын алу үшін кеңінен қолдану ұсынылмайды.
Емі 666 приказ


Преднизолон, таблетка

H02AB06
Сальбутамол Салматероль будесонид

2.Бауыр циррозы – архитектоникасының бұзылысымен, фиброздың дамуымен және құрылымы бұрыс регенерация түйіндерінің түзілуімен жүретін, ақырында бауыр шамасыздығы мен портальды гипертензияға әкелетін бауырдың диффузды зақымдану процесі. Бауыр циррозы кезінде құрылымы аномальды регенераторлы түйіндер пайда болады.

Клиникалық көрінісі:

Алғашқы белгілері: тәбеттің төмендеуі; астениялық синдром; оң жақ қабырға астының ауырсынуы немесе ауырлықты сезіну; асқазандық, ішектік диспепсияның белгілері (жүрек айнуы, кекіру, қыжылдау, іштің кебуі, ішектің шұрқырауы)

Диагностикасы:

Бауыр циррозының диагностикасы келесі белгілердің болуына негізделеді:

Цитолиздік, холестаздық, портальдық гипертензия синдромдарына және олардың бауыр – жасушалық шамасыздығы мен бірге жүруіне;

Аталған синдромдардың лабораториялық – аспаптық зерттеулермен дәлелденуіне;

Бауыр циррозының морфологиялық белгілеріне (ең негізгісі).

1.Жалпы қан анализі. Анемия АІЖ-нан қан кету салдарынан.

Бауыр циррозындағы липид және холестерин алмасуы бұзылыстары эритроциттер мембранасының құрылымдық өзгерістеріне және гемолитикалық анемияға әкеледі.

Лейкоцитоз, кейде гиперспленизм және қан түзілуі тежелуі лейкопения және тромбоцитопенияға әкеледі.

Қанның биохимиялық анализі. Биллирубин, холестерин деңгейінің және ЩФ активтілігің жоғарлауы (холестаз синдромы). АсАТ/АлАТ, ЛДГ деңгейінің көтерілуі – цитолиз синдромы нәтижесінде.

Гипоальбуминемия, гипохолестеринемия және қан ұю факторы санының төмендеуі – бауыр клеткалық жеткіліксіздігі салдарынан. Қан ұю факторы синтезі бұзылады, әсіресе К-витамин тәуелді, ПВ ұзаруына әкеледі. Бауырлық энцефалопатияда гипераммониемия байқалады, негізіне мочевина синтезінің төмендеуі нәтижесінде.

Глобулин деңгейі жоғарылайды, ретикулоэндотелиальды жүйе активацисы нәтижесінде. Бұл мезенхимальды-қабынулық синдром маркеры болып табылады.

Электролиттер және ҚСО тепе- теңдігі өзгереді. Бауыр жеткіліксіздігі гипервентиляция және респираторлы алкалозбен бірге жүруі мүмкін. Магний мен фосфаттың тағаммен жеткіліксіз түсуі және несеппен шығарылуының күшеюі гипомагниемия және гипофосфатемияға әкеледі. Асцит және гипонатриемия гиперальдостеронизмге әкеледі, калий экскрециясы күшейеді, кейде гипокалиемияга әкеледі. Бұндай науқастарда жиі преренальды ЖБЖ байқалады.

Біріншілік биллиарлы цирроз диагнозын қоюда ЩФ активтілігінің 2—5 есе жоғарылауы, митохондрияға антидене 1:40, қанда аномальды липопротеид Х болуы көмек болады. Екіншілік биллиарлы цирроз ЩФ активтілігінің, тура билирубин деңгейінің жоғарылауымен, аминотрансфераза активтілігінің үдеуімен, аномальды липопротеид Х болуымен сипатталады , митохондрияларға антидене болмайды.

УЗИ: егер холестаз белгілері болса, ажырату үшін жүргізілу керек (бауыр ішілік өт жолдарының қақпа вена тромбозы, бауыр клеткалық рак және т.б.).

4. Терілік бауырлық холангиография: биллиарлы тракт обструкциясын анықтауға болады.

5. Биопсия. Бауырдың бірқалыпты зақымдалмауынан қателіктер болуы мүмкін.

6. Эзофагогастродуоденоскопия. Портальды гипертензияның қосымша дәлелі — өңеш веналарының варикозды кеңеюін анықтау.

Емі:


Этиологиялық ем. Емнің бұл саласы циррозға алып келген себептің түріне тәуелді.

Вирустық бауыр циррозында интерферон қолданылады.

Алкогольдік гепатитте ішімдіктің барлық түріне тиым салынады.

Біріншілік биллиарлы циррозда (бауыр трансплантациясын күтудегі науқастарға) урсодезоксихол қышқылын қолданылады.

Гемохроматозға байланысты цирроз бауырдағы гистологиялық өзгерістерді қан ағызумен біршама қайтарады, бірақ қалыптасқан циррозға бұл ем әсер етпейді.

Вильсон –Коновалов ауруында купренил цирроздың барысына біршама оң әсер етеді.



Екіншілік биллиарлы циррозда бауырдан тыс өт жолдарының обструкциясы неғұрлым ерте емделуі керек.

Аутоиммунды цирроздың активті фазасында және айқын гиперспленизм болғанда глюкокортикоидты емді қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет