1. Бронхообструктивті синдром. Жіктелуі. Амбулаторлық жағдайда жүргізу



бет7/10
Дата29.04.2022
өлшемі204,83 Kb.
#32769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.Бронх демікпесі (БД) – көптеген жасушалар мен жасушалық элементтер қатысатын тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы. Созылмалы қабыну бронхтың гиперреактивтілігінің дамуына алып келеді, түнде және таң ата жөтел және кеуде бітеліп қалғандай сезім тудырады. Бұл көріністер әдеттегідей кең таралған, бірақ айқындылығы өзгермелі, аяқ астынан, немесе емнің көмегімен қайтатын тыныс жолдарының бітелуімен байланысты.

Демікпе жіктемесі клиникалық көріністер мен өкпе функцияларының көрсеткіштерін бірлесіп бағалауға негізделеді:

1. Этиологиясы бойынша:

– атопиялық (экзогендік);

– атопиялық емес (эндогендік);

– аралас.

2. Аурудың ауырлығы бойынша бөледі:

I баспалдақ (жеңіл интермиттирлеуші):

– күндіз симптомдардың саны аптасына 2 рет;

– асқынулар арасындағы тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының (ТШШЖ) болмауы және қалыпты көрсеткіші, түнде симптомдардың саны айына 2 рет;

– ОФВ1 немесе ПСВ – 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20% аз.

II баспалдақ (жеңіл персистирлеуші):

– күндіз симптомдардың саны > аптасына 1 рет, бірақ <күніне 1 рет;

ұстамалар белсенділікті бұзады; түнгі симптомдар > айына 2 рет;

– ОФВ1 немесе ПСВ. 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20%-30%.

III баспалдақ (персистирлеуші, орташа ауырлықтағы):

– симптомдар күнделікті, ұстамалар белсенділікті бұзады;

– түнгі симптомдар > аптасына 1 рет;

– ОФВ1 немесе ПСВ – 60- 80% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%.

IV баспалдақ (ауыр персистирлеуші):

– симптомдар үнемі, физикалық белсенділік шектелген;

– түнгі симптомдар жиі; ОФВ1 немесе ПСВ < 60% норма, ПСВ көрсеткіштері > 30%.

3. Ағым фазалары бойынша:

– асқыну;

тұрақсыз ремиссия;

– ремиссия;

– тұрақты ремиссия (2 жылдан астам).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет