1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Трихофития ауруының емі, алдын алу шаралары мен күресу шаралары



бет130/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
41.Трихофития ауруының емі, алдын алу шаралары мен күресу шаралары. Трихофития (Trichophytia) – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton туыстастығының өкілдері.

Ауырған жануарды оқшаулап, бөліп алады, Қабыршақтарды жұмсарту үшін вазелин немесе балық майын жағып, 1 -2 күннен кейін сыдырып алады. 5-10% салицил майын, 10% салицил спиртін, 10% йод тұнбасын немесе "Ям" сүртпе майын жағады. Жемге қосып 20 мг/кг (ұсақ жануарларға 4 мг/кг) мөлшерде 10-15 күн бойы гризеофульвин береді.



Иммунитет.Ауырып жазылған жануарларда қуатты белсенді иммунитет қалыптасады. Олар трихофитиямен сирек жағдайда ғана қайтадан ауырады. Өзіне тән дауалық және емдік мақсатпен А.Х. Саркисов және басқалар (1971) ұсынған мынандай вакциналар қолданылады: сиырға - ЛТФ-130, ЛТФ130 К, жылқыға - СП-1, қойға - трихоовис, терісі бағалы аңдар мен үй қоянына - ментовак, түйеге - камелвак. Вакцинаны бұлшық етке бір орынға екі рет 10-14 күн аралатып жібереді. Бұзауда иммунитет еккеннен соң 21-30 күн өткенде қалыптасып, 8-10 жылға дейін сақталады, жылқыда - 6 жыл, үй қояны мен терісі бағалы аңдарда 3 жылдан артық мерзімге созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет