1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет128/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
38.Трихофития ауруының патогенезі. Трихофития (Trichophytia) – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton туыстастығының өкілдері.

Трихофитондар тері мен жүннің эпидермисінің мүйізді қабатында болатын ақзат - кератинге әуес болады. Бұл микроб әр түрлі токсиндер мен кератинді ыдырататын ферменттер бөліп шығарады. Олар терінің мүйізді қабатын жұмсартып, қабыну процесін тудырады. Өзіне сәтті жағдайда қоздыруіпы жүннің фоликуласына өтіп, кутикуланы, жүннің ішкі қынабын бүлдіреді. Бұның нәтижесінде жүн талшығының қорегі бұзылып, оның түсіп қалуына әкеп соғады.

Қабынған тері қышып, жануар үйкеніп, қоздырушыны денесінің басқа жерлеріне де енуіне жағдай жасайды. Микроб қан мен сөл арқылы да тарап өсіп-өнген жерлерінде көптеген дерт ошақтарын тудырады. Бұндай жағдайда зат алмасуы бұзылып, жануар арықтап кетеді. Клиникалық белгілері айқын білінген кезде аллергиялық реакция өрбіп, одан соң қан сарысуында телімді антиденелер пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет