1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Трихофития ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет129/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

39.Трихофития ауруының патанатомиялық өзгерістері. Трихофития (Trichophytia) – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton туыстастығының өкілдері.
40.Трихофития ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Трихофития (Trichophytia) – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – жетілмеген саңырауқұлақтар Fungy imferfecti тобына жататын Trichophyton туыстастығының өкілдері.

Балау үшін клиникалық белгілері негізге алынады. Сонымен қатар, індеттанулық деректер де ескеріледі. Дүдәмал жағдайда микроскопия жасалынады. Қажет болғанда арнаулы ортаға сеуіп, өсін алып, микологиялық зерттеулер жүргізеді. Зертханада зерттеу үшін материалды зақымданған теріден, ем қолданылмаған қабыршақтанған телімінің шетінен алады.

Микроскопияны шаруашылықтың өзінде-ақ жүргізуге болады. Ол үшін зерттелетін қылшықты немесе қабыршақты Петри тостағаншасына салып, күйдіргіш натрийдің 10-20% ерітіндісіне шылап, 20-30 мин бойы термостатта ұстайды немесе сәл жалынға қыздырады. Төсеніш шыныға орналастырған материалға глицериннің 50% судағы ерітіндісін тамызып, жабын шынымен жауып, микроскоппен кіші, содан кейін орта үлкейткіш объектив арқылы қарайды.

Ажыратып балау. Трихофитияны микроспориядан, қышыма қотырдан, экземадан, жұқпайтын дерматиттен ажырату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет