1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Қойдың жыбырлақ ауруының күресу шаралары



бет125/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
35.Қойдың жыбырлақ ауруының күресу шаралары. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) – геморрагиялық энтеритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру. Қоздырушысы – Cl. perfringens микробының әр түрлі типтері: негізінен Bac.oritoxicus аталатын Д-типі, Bac.paludis аталатын С-типі.

Ауру тұрақты байқалатын аймақта сақтық шарасы ретінде қойларға вакцина егеді. Малды еккен кезде қырқуға, пішуге, құйрығын кесуге болмайды. Өйткені бұл кезде жануарлар жарақаттан болатын инфекцияларға аса сезімтал келеді. Аталған операцияларды мал егілгеннен кейін екі ай өткен соң жүргізуге болады. Вакцинаны бұлшық етке санының ішкі жағындағы тақыр жерге егеді. Иммунитет қайталап еккен соң 10-12 күн өткенде басталып, 4-6 айға созылады. Егілген кейбір қойдың температурасы көтеріліп, аяғы ақсайды. Бірақ, жалпы күйі қалыпты жағдайда болады да, 3-4 күнде бұл құбылыстар басылып қалады. Егер вакцинаны бұлшық етке емес тері астына жіберсе, орыны ісініп кетеді. Қойдың жыбырлаққа шалдығуына кейбір жағдайда жайылым себеп болады. Қаулап өскен жас шөпті мал бірден көп жесе, ас қорыту жүйесі бұзылып, ішектегі микробтардың өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ, малды лай тоқтау сулармен, ластанған суаттардан суаруға жол бермеу керек.Энтеротоксемия байқалған кезде жедел жайылымды ауыстырады немесе малды қолда бағады. Бұрын егілмеген қойларға қосвалентті қан сарысуын жібереді, соңынан вакциналайды.

Жыбырлақ шыққан шаруашылықты бұл аурудан сау емес деп жариялап, шектеу қояды да, қойды шеттен әкелуге немесе әкетуге тиым салынады. Ол жер арқылы егілмеген қой отарын айдап өтуге, жемшөпті тасымалдауға тиым салынады. Өлген қойдың терісін алмай, өртеп жібереді. Өлексе жатқан жерді дезинфекциялайды. Ауру малдың көңін, жемшөптің қалдығын жағып жібереді. Ауырған малды союға болмайды. Шектеу жыбырлақтан соңғы қой өлген соң 20 күннен кейін алынады.
36.Трихофития ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Трихофития (Trichophytia) – терінің суланып қабынуы нәтижесінде орны шектеулі, беті қабыршақтанып зақымданған ошақтардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет