12.ЖМҚ, анықтамасы, жіктелуі, сипаттамасы, өкілдері. Молекулалардың құрылымына байланысты ЖМЗ еріту ерекшеліктері. Жоғары молекулалық қосылыс дегеніміз – молекулалық массасы мыңнан миллионға деиін тіпті одан да көп болатын заттарды атаймыз. Құрылысы сфералық және тізбектік болады. Салмағы көп болғатындықтан ұшқыш емес, белгілі бір балқу температурасы болмайды, сыртқы факторға сезімтал болып келеді. ЖМҚ ерітінділер салмақ-көлемдік концентрация бойынша 15.12.04 жылғы N142 «Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрық талабыт бойынша дайындалады. Жіктелуіне келсек: Алынуына қарай Табиғи жоғары молекулалық қосылыстар- ақуыздар, ферменттер және полисахаридттер жатады. Және де Синтетикалық, жартылай синтетикалық ЖМҚ оған –крахмалдар , декстрин т.б жатады. Қолданылуына қарай дәрілік зат және көмекші заттар болып келеді. Оларға негізбен жағар май, эмульгатор, тұрақтандырғыш, консервант, орамдаушылар ,тығындаушы материал және суппазиторийлерді жатқыза аламыз. Ісіну қабілетіне қарай шексіз ісінетін және шекті ісінетін ЖМҚ болып бөлінеді. ЖМҚ еруі алдын ала жүретін ісіну процесімен анықталады.Ісіну – өздігінен жүретін төмен молекула еріткішті сіңіріп ал жоғары молекулалы көлемінің ұлғаюымен аяқталатын процесс. Қорытынды:Еріткіш ЖМҚ макромолекуласының арасына өтіп, бос жерді толықтырады. Әрі қарай байланыстар босалып, түзілген бос кеңістіктер еріткіштің жаңа молекулаларымен толтырылады. Кейін еріткіш молекуласы ЖМЗ диффузия түрінде еніп, көлемін ұлғайтады. Бір уақытта макромолекулалар баяу еріткішке диффузияланып бастайды.
13. Коллоидты ерітінділердің сипаттамасы. Колларгол,протаргол, ихтиол ерітінділері технологиясының ерекшеліктері.Коллоидты ерітінділер дегеніміз-құрылымдық бірліктері мицелла молекулалары және де атомдар комплексі болып табылған ультрамикрогетерогенді дәрілік түрлер. Дисперстік фазадан және дисперстік ортадан тұрады. Коллоидты ерітінділер термодинамикалық және агрегаттық тұрақсыз болып келеді, олар құрамына үшінші компонент тұрақтандырғышты қосқан кезде тұрақты болады.Коллоидты ерітінділерді кері қайтаруға болмайды. Сулы коллоидты ерітіндіні буландырып су қосса қайтадан коллиодты ерітінді түзілмейді. Олар осы қасиеті арқылы нағыз ерітінділерден ерекшеленеді. Және де коллоидты ерітінділердің осмостық қысымы төмен.Сондай-ақ коллоидты ерітінділердің сақтау уақыты шектеулі, жағдайдың барлығы жасалса да уақыт өткен сайын ескіріп кетеді. Медицина саласында 3 коллоидты препарат кеңінен қолданылады. Олар, протаргол, колларгол және де ихтиол. 1. Протарголдың дайындау технологиясының ерекшеліктеріне келер болсақ: Протарголда фарфор келі мен табақша ыдыста емес, кең мойынды қосымша ыдыста жасайды. Кең мойынды қосымша ыдысымызға 200 мл таза суды құйып, соның бетіне жұқа етіп протарголды себелейді. Жақсылап еріту үшін 15 минутқа қалдырады, препарат еріген соң төменгі қабатқа түсіп, препаратқа суддың өтуіне мүмкіндік береді. Және тағы бір ерекшелігі осы кезде бұны шайқауға болмайды, өйткені протаргол жабысып, шайқағаннан кейін түзілген көпіршіктер препараттың бөлшектерін біріктіріп пептизация процесін қиындатып жібереді.Және де дайын болған ерітіндіні мақта немесе шыны фильтр арқылы сүзіп алады. Ескірмеу үшін протаргол ерітіндісін қоңыр түсті құтыға босатады, өйткені егер де ерітінді жарықта тұратын болса металдық күміске айналып, ерітінді қараяды. Ерітіндіні тығындап босатуға безендіреді.2. Колларгол технологиясында да біршама ерекшеліктер бар. Мұнда фарфор келіге алдымен 0,2г колларголды және тазартылған судың аз мөлшерін қосады. Келсаппен араластырып отырып, қалған суды қосады. Керек болып қалса мақта көмегімен қоңыр түсті құтыға сүзіп алады.Тығындап безендіреді.3. Ихтиолға келер болсақ: 10г ихтиолды фарфор табақшада келсаптың көмегімен аздаған су қосып ерітеді, араластырып отырып, су қосып ерітіндінің мөлшерін 200 мл ге жеткіздіреді. Дәкенің көмегімен босататын құтыға құйып сүзіп алады да, тығындап безендіреді. Қорыта келгенде, коллоидты ерітінділер дисперсті фазадан және де дисперстік ортадан тұратын, құрылымды бірліктері мицелла молекулалары және де атомдар комплексі болып табылған ультрамикрогетерогенді дәрілік түрлер болып табылады. Жоғарыда атап өткендей қазіргі таңда медицинада 3 коллоидты препаратар кеңінен қолданылады.
14. Суспензияның дәрілік қалып ретінде сипаттамасы. Гидрофильді және де гидрофобты заттардан алынған суспензия технологиясы. Олардың сапасын бағалау, сатылымға рәсімдеу, сақтау, жетілдіру жолдары.Суспензиялар ҚР МФ 1-том 500б бойынша « Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» атты жалпы мақаласында енгізілген. Суспензиялар дегеніміз- қатты дисперстік фазадан тұрады, сұйық дисперстік ортада ерімейді, ішуге, сыртқа және де шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түрлер. Суспензиялар әсер ету активтілігі бойынша ерітінділер мен майда ұнтақтардың ортасынан орын алады.Және де суспензия түрінде де еріткіштерде ерімейтін дәрілік заттарды босатуға болады. Суда ерімей суспензия түзетін заттарды гидрофобты және де гидрофильді деп бөлеміз. Гидрофильді заттарға келетін болсақ: гидрофильді ісінетін және де гидрофильді ісінбейтін болып бөлінеді. Гидрофильді ісінбейтін заттарға: висмуттың негізгі нитраты, мырыш тотығы, крахмал, магний тотығы және де кальций карбонатын жатқызамыз. Бұлар суда ерімегендіктен, бірақ суда жеңіл шыланатын болған соң, осы препараттармен суспензия дайындағанда тұрақтандырғыш қолданбайды. Технологиясына мысал келтірер болсақ: Ең бірінші крахмал шырышын дайындаймыз. Термиялық тұрақты колбамыға 90мл су құйып, қайнағанынша қыздырады. Су қайнаған соң оған крахмал мен салқын судың қосындысын қосып, бір-екі минут қайнатамыз.Ерітінді дайын болғанда оны екі қабаттық дәкемен сүзіп, босататын ыдысқа салады.Сосын оны тарирлеп салмағын 100 грамға жеткізеді.Одан соң келіге 5,0 г ақ балшық пен 2,5 г крахмал шырышымен ысқылап бөлшектеп қалған шырышты қосады.Суспензия осылайша дайын болады. Дайын болған суспензияны босататын құтыға құйып тарирленген құтыға құяды. 105 грамға жеткізу үшін су құяды. Оны тығындап, босатуға безендіреді. Басты этикетка Ішуге, ескерту этикеткасы Қолданар алдында шайқа деп жазылады ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 ДЗ-ды МБ және мед-қ техниканы таңбалау қағдаларын бекіту бұйрығына сәйкес жазылады. Гидрофобты заттарға келер болсақ: Гидрофобты қасиеттері айқын байқалатын және байқалмайтын деп бөлінеді. Гидрофобты қасиеттері айқын байқалмайтын заттарға: терпингидрат, феилсалицилат, сульфодиметоксин, сульфадимезин жатады. Бұлармен суспензия дайындағанда 1 г препаратқа 0,25г өрік шайыры, 0,5г авария шайыры не болмаса желтозаны қосады. Технологиясына келсек: Қосымша ыдысқа таза суды өлшеп, натрий гидрокарбонатын ерітеді.Келіде терпингидратты ысқылап, оған желтозаны қосамыз. Кейін натрий гидрокарбонаты ерітіндісін салып, пульпа түзілгенше келсаппен ысқылаймыз. Сосын натрий гидрокарбонаты ерітіндісін салып, араластырып 1-2 мин тыныштықта қалдырады. Бетіндегі майда дисперсті ерітіндіні босататын ыдысқа құямыз. Осы операцияны келідегі тұнбамен бірнеше мәрте қайталап, келіні шайып қояды. Құтыны тығындап босатуға безендіреміз. Ол жерде бастапқы этикетка Ішуге және ескерту этикеткасы Қолданар алдында шайқа деп жазылып тұрады. Гидрофобты қасиеті айқын байқалатын заттарға: камфорны, ментолды, тимолды күкіртті, бромкамфора жатады. Камфораны дайындау технологиясына келсек:Дерягин ережесі бойынша пульпа алу және де лайлау процестерін қосып жүргізеді. Суспензиялардың сапасын бағалау басқада сұйық дәрілік түрлер сияқты, сыртқы түрі ж/е органолептік қасиеттері, дұрыс орамдау ж/е безендіруі бой/ша жүргізіледі.Яғни, суспензияларға тиесілі ерекше қасиеттерін талдау олар: біркелкілігі және ресуспендирленуі.Орамдалуы және безендірілу суспензиялардың құрамындағы дәрілік зат-дың қасиеттеріне сай жүргізіледі. Суспензияларды олардың көлеміне сай келетін түссіз құтыда босатады.Құтыны полиэтилен тығынмен тығыз жабады.Құтыны «Қолданар алдында шайқау», «Салқын жерде сақтау» негізгі және ескертпе этикеткамен безендіріледі.
Дәріханада суспензия технологиясын жетілдіру-кіші механизациялық құралдар, ұсақтағыштар (электрлік араластырғыш) енгізу, өнімділігі төмен қол енбегін жеңілдету, суспензия сапасын жақсарту,тұрактандырғыштарассортиментін кенейту.Дәрілік заттардын тұрактылығын жоғарылату,суспензиялардын сапасын бағалау үшін инструменталды әдістерді енгізу. Дисперстік фазаның бөлшектерінің мөлшерін микроскоп көмегімен (МФ ГДР) анықтау,суспензиялық дәрілік түрлердің перспективті дамуы «құрғақ суспензия» дайындау б.т, ол - дәрілік заттар мен тұрақтандырғыштар қоспасы,көбінесе түйіршіктер түрінде дайындалады,сирек кейде консерванттар қосылады,. Қолданар алдын құрғақ суспензияларға тазартылған су қосылады. Құрғақ суспензиялар тасымалдауға ыңғайлы және ұзақ уақыт сақталады.Қорыта келгенде, суспензиялар- сұйық ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішуге, сыртқа қолдануға арналған микрогетерогенді сұйық дәрілік түрлер. Суспензиялардың осмостық қысымдары жоқ. Тұрақтылығына байланысты, гидрофильді және гидрофобты болып бөлінеді.
15.Эмульсиялардәрілікқалыпретінде. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Эмульсияларды дайындау ережесі. Әртүрліфизикохимиялыққасиеттері бар дәрілікзаттардыэмульсияғаенгізуережесі. Эмульсиялардың сапасын бағалау. Эмульсия дегеніміз - дисперстік фаза мен дисперстік ортасы бір-бірінде ерімейтін, не болмаса өте аз еритін сұйықтықтардан тұратын микрогетерогенді жүйе. Ішуге арналған эмульсиялар официналды дәрілік түр болып табылады. КСРО МФ ХІ басылымына енгізілген. Табиғи майлы эмульсия мысалы қылып біз сүтті алсақ болады. Эмульсиялардың артықшылықтары: майлы және эфир майларының жағымсыз иістерін жасыру; шырышты қабатқа тиетін дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерлерін жұмсарта алуы; балаларға эмульсияларды қолдану тиімді; дз-ң ағзаға енген соң терапевтік әсерді тез көрсетулері. Эмульсиялардың кемшіліктері: Дәріханада технологиясы қиын, сондай-ақ агрегатты тұрақсыз. Дайындау әдісі бойынша эмульсиялар майлы және де дәндік деп бөлінеді. Көбінде майлы эмульсияны қолданамыз. Майлы эмульсияны дайындау ережесіне келер болсақ: Егерде майдың аты берілмесе, эмульсиямызды шабдалы не болмаса бадамның майы арқылы дайындаймыз; рецептте май мөлшері көрсетілмеген жағдайда 100 г эмульсияны жасау үшін 10 г майды аламыз; Келіде эмульсияны эмульгаторды су және де маймен ысқылап жасайды; Эмульсияның технологиясы екі кезеңнен тұрады; біріншілік эмульсияны алу және де оны сумен сұйылту; Біріншілік эмульсияларды алу кезінде майдың, судың, эмульгатордың мөлшерлік қатынастарын қатаң түрде сақтауы керек; Біріншілік эмульсияны дайындағанда эмульгатордың мөлшері табиғатына сай таңдалады; Және де біріншілік эмульсия үш әдіспен дайындалады: 1. Майды және де эмульгаторды құрғақ келіде жақсылап ысқылау керек. 2. Массаға эмульгаторды араластырып сумен ысқылап және де май қосады; 3. Келіде ысқыланған эмульсияға су мен майдың қоспасы қосылады; Эмульсия дайындау кезінде келсап қозғалуы бір бағытта жүруі керек. Эмулсияларға дәрілік заттарды енгізу: Эмульсияға кіретін дәрілік заттарды олардың полярлы немесе полярсыз фазаларда ерігіштіктеріне сәйкес енгізеді. а) Суда еритін заттарды біріншілік эмульсияны сұйылтуға арналған судың бөлігінде ерітеді. Б) Майда еритін дәрілік заттарды біріншілік эмульсияны дайындау алдында майда ерітіп алады. В) Суда және де майда ерімейтін дәрілік заттарды дайын эмульсияға майда ұнтақ күйінде енгізеді. С) Шырындар, сұйық экстрактылар, тұндырма мен спиртті ерітінділерді дайын болған эмульсияға сұйық түрінде қосады. Е) Эмульсияға эфир майларын енгізсе, онда тұрақты эмульсияларды алу үшін эфир майларына теңдей не болмаса екі есе қылып эмульгатор алынады. Эмульсиялардың сапасын бақылау:Дайын болған эмульсиялардың сапасы басқа да ішуге қолдануға арналған сұйық дәрілік түрлердің сапаларын анықтау бойынша бағалайды. Және де эмульсияға тән көрсеткіштер анықталады. 1. Эмульсия тұрақтылығы 2. Оның тұтқырлығы 3. 15 мың айн/ мин жылдамдықта центрифугирлеу кезінде эмульсиялар қабаттарға бөлінбеуі қажет. 4. Біртектілігі Қорытынды: Эмульгаторлар бір-біріне ерімейтін микрогетерогенді жүйелер болып табылады. КСРО МФ ХІ басылымында эмульсияларға мынандай анықтама берген: эмульсиялар- бір-бірінде ерімейтін мада дисперсті жүйеден тұратын ішуге сыртқа және де парентеральды қолданылатын біртекті дәрілік түрлер. Дайындалуы бойынша майлы және дәндік болып бөлінеді. Майлы әдіс кеңінен қолданылады.