1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт, анықтамасы, маңызы, құрылымы


Жақпа майы, сипаттамасы, жіктелуі. Дәріхана жағдайында жақпа май өндірудің технологиялық сұлбасы. Жақпа майға арналған негіздер



бет11/13
Дата13.04.2023
өлшемі48,61 Kb.
#82390
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1. Ä?ð³ë³ê ïðåïàðàòòàð ?íä³ð³ñ³í ìåìëåêåòò³ê íîðìàëàóäû? íåã³çã³

16. Жақпа майы, сипаттамасы, жіктелуі. Дәріхана жағдайында жақпа май өндірудің технологиялық сұлбасы. Жақпа майға арналған негіздер. Ең алдымен жақпа майдың ұғымына тоқталып өтейін. Жақпа майлар - сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрілік түрлер, Терінің беткі қабатында тұтқырлығы жағынан жоғары болып келеді. Ал жоғары температурада сұйықтыққа айналады. Жақпа майлар әр түрлі түрге бөлінеді. Оларды белгілеріне байланысы жіктей аламыз. Яғни, косметикалық, емдік деп бөлінеді. Ал қолданылуына сәйкес мұрынға, көзге, вагинальды деп бөлінеді. Дисперстік дәрежеге сәйкес гомогенді, гетерогенді деп бөлінеді. Жоғарыда атап өткендей белгіленуі бойынша жақпа майлардың түрлеріне сипаттама бере кетсем, қорғаныс жағар майлары. Олар теріні әр түрлә сыртқы жағдайлардан және микроорганизмдерден қорғау үшін пайдаланылады. Косметикалық жағар майлар. Оларды теріні жұмсарту, қоректендіру, пигментті дақтарды кетіру, емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданады. Емдік жағар майлар (немесе медициналық). Бұл жағар майлардың маңызды тобы. Терінің зақымдалған жеріне, кілегей қабатқа бағытталған түрде жергілікті, локальды әсер көрсетеді (күкірт, мырыш, ксероформ жағар майлары). Резорбтивті әсер көрсететін жағар майлар (резорбция-сіңу) теріге немесе кілегей қабықтың терең қабаттарына өтіп, қан тамырларға немесе лимфаға жетіп, бүкіл ағзаға немесе жеке мүшелерге әсер көрсетеді. Мысалы «Нитронг» жағар майы оның құрамында нитроглицериннің 2% майлы ерітіндісі бар, стенокардия ұстамасында қолданылады. Қолданылуы бойынша негізінен аты айтып тұрғандай мұрынға, көзге, сонымен қатар вагинальды, уретральды деп бөлінеді. Ал технологиялық жіктелуі бұнда біздер дисперстік дәрежесіне сай бөлінуін айтамыз. Егер жақпа майларда дәрілік заттар мен негіз арасында фаза аралық бөліну болмаса, оны гомогенді деп атаймыз. Ал жақпа майлар мен негіз арасында фаза аралық бөліну болса, онда гетерогенді деп айтамыз. Олар да өзара түрлерге бөлініп, жіктеледі. Осы тұста негіз деген ұғымның не екеніне орай сұрақ туындауы мүмкін. Негіздер жаұпа майларда сәйкесінше керек салмақты, концентрациясын, консистенцияны қамтамасыз етеді. Оларда құрамына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Гидрофобты, гидрофильді және де дифильді деп. Өсімдік майлары, жануар майлары барлығы гидрофобтыға жатады. Соның ішінде бір түрін сипаттап өтсем, ол ланолин. Ланолин иісі әлсіз, суда ерімейтін, өзінің бастапқы консистенциясын жоғалтпайтын, бағалы қасиетіне орай қолданылатын негіз түрі. Негіздерінің барлығын талдап, таңдап болғаннан кейін дайындау технологиясына тоқталайын. Дәріханажағдайында бірнеше сатылар мен жұмыстардан тұрады. Дайындық жұмысқа нормативті құжат бойынша жағармайдың құрамын анықтау жатады. Жағармай негізін таңдау үшін жағармай құрамы мен қолдану тәсілін ескереді. Сатыларын атап өтсек : балқыту, еріту, диспергирлеу, қажетті жағдайда эмульсиялау, буып түю, безендіру сатылары реттілігінен тұрады. Сонымен бірге кейбір сатыларда бақылау (еру толықтығы, араластыру біркелкілігі) жүргізіледі, дайын жағармайдың технологиялық көрсеткіші бойынша бақылау жүргізіледі. Бір ерекшелігі жағармайлар салмақ бойынша дайындалады. Және жоғарыдағы сатылардың барлығын қамтып, дайындалады. Қорытындылай келе, жақпа майлар күнделікті біз қолданатын дәрілік түр десек болады. Сондықтан кез-келген дайын өнім сапалы, қауіпсіз болу үшін технологиясына баса назар аударуымыз қажет.
17. Суппозиторийлар дәрілік қалып ретінде. Талаптар. Суппозиторийлерге арналған негіздер. Суппозиторийлерді дайындау тәсілдері(Қолмен қалыптау,құю,престеу). ҚР МФ бойынша суппозиторийлердің сапасын бағалау. Суппозиторийлерді официналдық дәрілік түрлерге жатқыза аламыз. Суппозиторийлерді тік ішек пен ағзаның және табиғи және де патологиялық қуыстарына енгізу үшін қолданады. Суппозиторийлерді ректалды, вагиналды және таяқшалы деп жіктеледі. Ректалдық суппозиторийлерді конус, сигара және де өткір ұшы бар цилиндр түрінде бола алады. Суппозиторийлерді тік ішекке енгізу үшін қолданады. Вагинал суппозиторийлерді шар, тіл және де жұмыртқа тәрізді болады.Суппозиторий тез сіңірілетін болғандықтан, оларды шаншуға арналған ерітінділермен де бәсекеге түсе алатын қасиеті бар, дәрілік заттар асқазанға, ішекке және бауырға енбей жатып әсер механизмі басталады. Тасымалдауға,сақталуы ыңғайлы. Суппозиторийге қойылатын талаптарға тоқталсақ: суппозиторийлдің балқу температуралары бізде дененің температурасынан жоғары болмауы қажет; тік ішек сфинкінің кедергілерінен оңай өтіп кетуі бөлме температурасында қатты күйінде болуы кқажет; суппозиторий дәрілік заттардың барлығын оңай босатуы керек, кілегей қабатта тітіркендіргіш әсерді көрсетпеу керек; тұрақты түрде жақсы сақталуы қажет. Фармацевтикалық тәжірибелерде қолданылатын суппозиторийдің негіздерін бізде 2 түрге бөе аламыз. Олар: гидрофобтық және гидрофильдік. Гидрофобтық негіздерге, май және май тәрізді заттарды және де олардың табиғи көмірсутекті балқымаларын жатқызуымызға болады. Гидрофобтық негіздерде классикалық негіз ретінде какао майларын қолданады. Какао майларын шоколад ағашының ұрығынан алады. Оны рецепттердегі негіздер көрсетілмеген жағдайда қолданамыз, индифферентті болуы қажет, дәрілік заттармен жақсы араласа алады, пластикалық масса . Суды қиын эмульгирлейді және полиморфизм қасиеті тән, демек жоғарғы температураларда қатты қыздырған жағдайда какао майлары базаға бөлінеді де қатуы ұзақ уақыт жүреді. Осы кемшілігіне байланысты какао майларын қолмен формалауларда ғана қолданылады. Гидрофильдік негіздерге тоқталатын болсақ: желатин-глицеринді, сабын-глицеринді, полиэтиленоксидтер жатады. Негіздерді дайындау: майдаланылған желатиндерді бөлме температурасындағы тазартылған сумен бірге құямыз, жарты сағаттан артық уақытқа ісінуге қалдырады. Содан соң глицеринді қосамыз да бірдей масса болғанша қыздырамыз. Дайын болған негізден8г алынуы тиіс. Дайындау тәсілдері.1. Қолмен илеу әдісі бойынша суппозиторийлерді дайындауда арнайы құралдарды керек етпейді. Және бл әдіс тиімсіз болып табылады. 2. Келесі бізде қалыпқа құю әдісі. Бұл әдістің ерекшелігі әр түрлі негіздерден формалары бірдей суппозиторийлер дайындауға болады және процесс жылдам жүреді. 3. Престеу әдісі тек қана суппозиторийлік массалары жеткілікті болатын суппозиторийлерге қолданылады. Бұл әдісте престер механикалық немесе автоматты дозалайтын болады. Престеу әдісінде массаның біркелкілігі бұзылмайды, бірақ дайындағанда көп уақытты алады. Суппозиторийлердің сапасын бағалауға келер болсақ: құжаттардың бар болуы мен дұрыстығы, босату үшін дәрілік түр дұрыс болу керек, масса біркелкі болу керек , липофильді негізде жасаланған суппозиторийдің балқу температурасын анықтау, 37 градустан аспауы қажет, толық деформация уақытын анықтайды, 3-15 минут болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет