2.
Гетерогенді жағар майлар
. Гетерогенді жағар майларда дәрілік зат пен негіз
арасында
фазааралық бөліну болады. Гетерогенді жағар майлар суспензиялық (тритурациялық),
эмульсиялық, аралас болып бөлінеді.
Жағар майлар технологиясында
негіз
дердің маңызы мен мәні әртүрлі және алуан. Негіздер
жағар майларға қажетті салмақ, дәрілік заттардың сәйкес концентрациясын, қажетті
консистенциясын, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар негіздер дәрілік заттардың
резорбциясының деңгейі мен
жылдамдығын реттейтін, яғни фармакодинамикада маңызды
роль атқаратын жағар майлардың белсенді құрамды бөлігі.
Ең қолайлысы - жағар майларды алудың технологиялық принципі бойынша жіктелуі:
- гидрофобты (липофильді);
- гидрофильді;
- гидрофобты - гидрофилді (дифильді).
Гидрофобты негіздер.
Бұл топқа гидрофобтық қасиеті айқын байқалатын, яғни майлармен,
көмірсутектермен араласатын немесе оларда еритін, сумен нашар немесе тіпті араласпайтын
негіздер: - майлар және олардың туындылары: а) жануарлар майлары б) өсімдік майлары в)
гидрогенизацияланған майлар - балауыздар - көмірсутекті негіздер - силиконды негіздер
жатады.
Гидрофильді
негіздердің сумен шексіз араласуы мен суда еруі бұл негіздердің
өзіне тән
ерекшелігі болып табылады. Гидрофильді негізге дәрілік заттың сулы ерітіндісін енгізуге
мүмкіндік береді және жағар майдың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді. Олардың
кейбіреулері теріде серпімді пленка түзеді. Гидрофильді негіздер майлы із қалдырмайды және
тері мен киімдерден оңай жуылады. Гидрофильді негіздердің кемшілігі: микробты
контаминацияға тұрақсыз. Гидрофильді негіздер тобына: жоғарғы молекулалы
көмірсулар
және ақуыздар гельдері, синтетикалық ЖМҚ, бейорганикалық заттар, фитостеринді негіздер
кіреді.
Липофильді-гидрофильді
негіздер көмірсутектермен салыстырғанда жағармайдағы дәрілік
заттардың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді. Тері қабатындағы газ және жылу
алмасуына кері әсер етпейді. Жақсы консистентті қасиеттерге ие. Липофильді-гидрофильді
негіздер адсорбциялық және эмульсиялық болып бөлінеді. Бұл екі топтың негізгі
міндетті
компоненті - эмульгатор (ББЗ) кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: