Шаншуға арналған дәрілік түрлер
ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын
бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына
жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат.
іnfusіo - құю) деп аталады. Қазіргі кезде медициналық өнеркәсіп денсаулық сақтау
орындарының инфузиялық препараттарға қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.
Глюкоза
ерітіндісімен қажеттілік 7%, натрий хлоридының изотондық ерітіндісінен - 10%, тұзды
ерітінділермен - 20-30% қанағаттындырылады, ал натрий гидрокарбонаты ерітіндісі
өнеркәсіпте тіпті шығарылмайды. Сондықтан, негізі күш өнеркәсіпке қарағанда инфузиялық
өнімдерді 40 есе жоғары өндіретін дәріханаларға түсіп отыр.
Инфузиялық ерітінділер
дәріханалардың экстемпоралдық рецептурасының, 12-25%, аурухана және ауруханааралық
дәріханалар экстемпоралдық рецептураның 40-45% құрайды
Дәрілік препараттарды
енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі
(тері ішіне, тері
астына,
бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы,
ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік,
буын ішілік) қолданылады.
Тері ішілік (іnjectіones іn tracutaneae) инъекция. Инъекцияның бұл тәсілінде ине тек
эпидермисті тесу арқылы сұйықтық (0,2-0,5 мл) эпидермис пен дерма арасындағы кеңістікке
енгізіледі.
Тері астылық инъекция
(іnjеctіones subcutaneae). Ерітінділер 1-2 мл көлемде тері асты
клетчаткаға енгізіледі. Тері астына
сулы және майлы ерітінділер, сонымен қатар суспензиялар
және эмульсиялар енгізіледі.
Бұлшық етке енгізілетін инъекция (іnjеctіones іntramusculares). Сұйықтық (1-2 мл) қалың
бұлшық етке енгізіледі. Кей жағдайларда 50 мл-ге дейін сұйықтық енгізіледі. Сулы, майлы,
суспензиялар және эмульсиялар түрінде енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: