Өсімдік майлары
(Olea pіnquіa). Бұл мақсатта иненің тар каналы
арқылы жеңіл өтетін
тұтқырлығы төмен жеңіл қозғалғыш майлар қолданылады (бадам, шабдалы немесе өрік).
Олар мөлдір майлы сұйықтықтар, иіссіз немесе әлсіз
өзіне тән иісі бар, суда ерімейді, этанолда
аз ериді, эфирде, хлороформда ериді.
Комплексті еріткіштер
. Этанол (C2Н5ОН) (Spіrіtus aethylіcus) – түссіз, өзіне тән
иісі және
күйдіргіш дәмі бар ұшқыш,
қозғалғыш сұйықтық, сумен және глицеринмен барлық қатынаста
араласады. Шаншуға арналған ерітінді дайындау үшін тек спирт-ректификат қолданылады.
Оны суда қиын еритін қосылыстардың ерігіштігін арттыру және антисептик ретінде және жүрек
гликозидтерінің ерітінділерін (конваллатоксин, строфантин) дайындаған кезде еріткішке қоспа
ретінде қолданылады. Глицерин (С3Н8О3) (Glуcerіnum) – мөлдір, түссіз гигроскопиялық
сұйықтық. Сумен және 95% этанолмен барлық қатынаста араласады. Глицерин шаншуға
арналған ерітінділерде 30% концентрацияда қолданылады. Глицерин жүрек гликозидтерінің
суда ерігіштігін арттырады. Су-этанол-глицерин қоспасы ретінде целанид
және лактозид
ерітінділерін дайындау үшін қолданылады.
Дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасы
келесі сатылардан тұрады: - бөлмені-асептикалық блокты
дайындау; - фармацевт-технологты
дайындау; - ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау; - дәрілік заттар мен
еріткіштерді дайындау; - дәрілік заттарды еріту; - тұрақтандыру; - фильтрлеу; - ерітінді
құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау; - флаконды тығындап, механикалық
қоспалардың болмауын бақылау; - тығынды бекітіп, маркалау; - ерітіндіні стерильдеу; -
ерітіндінің
мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспалары болмауын анықтап,
химиялық талдау жасау; - безендіру және босату
Достарыңызбен бөлісу: